Үйленгім келіп отыр)))

Үйленгім келіп отыр)))
жеке
блог

Менің Аякөзге келу құрметіме орай Қуаныш пен Нәзира үйлеріне 83тің жастарын басын бір қосты. Барлығы дерлік отбасымен, бала шағаларымен келіпті. Жалғыз сүр бойдақ менмін. Бұрындары келіп кетіп жүргенімде жігіттермен сыртта сыраханаларда бас қосып қайтатынбыз,бүгінгі бас қосу ерекше болды. Балардың тәтті қылықтарын қызықтап, соларды тамашаладық.

Сағына мен Қайрат ұлдары Нұрәлиге (2ден асқан) апасы жаттатқан «Бауырсақ» ертегісін айтқызды, былдырлаған тілімен мамасының көмегінің арқасында қолына бауырсақ ұстап тұрып, аяғында түлкі сияқты танауына қойып, «жеп қоямын деп оп-оңай»деп  бауырсақтан бір тістейді екен, апасының немересіне  бауырсақ жегізудің әдісі екен.

Думан мен Арайлымның ұлдары Жалғасқа кімнің баласысың деген сұраққа  «апамның, атамның, анамның, әкемнің. Апам түшкіргенде, атам түкіргенде,анам кәкеткенде, әкем піштегенде» деп жауап беріп бәрімізді бір күлдірді.

Барлық балалар жиналып «Қара жорғаны» биледі, Жалғас микрофон ұстап өлең айтып, Нұрәли домбыра шертіп Көк тудың желбірегені деп ән шырқап беріп, Қуаныштың мамасы Қарлығаш апайдың тәтті кәмпиттеріне ие болып, тегін концерт қойып берді.

Әлемі жұлдыздары самсаған әдемі түнде өзімнің жалғыз кетіп бара жатуым,кеш бойы достарымның балаларының тәтті қылықтарын қызықтауым,менің қатта үйленіп әке бақытына ие болу арманыма алып келді (бұрындары да ойлайтынмын). Бірақ бүгін,дәл қазір үйленгім келіп отыр))))

Пы:сы неге үйленбей жүрсің деген жауыр сұрақты қоймаңдаршы)