Жаздағы жағдайлар

Жаздағы жағдайлар
жеке
блог

Осы жазда:

Үлкен Алматы көліне бардық )

Оралға барып келдім 

Оралдан келерде Ақтөбеге соғып, сол жақта да біраз қыдырдым )

Лондон Олимпиадасына жанкүйер болдым

Оқу бітірдім )

Ғашық болдым )

Көріп отырғаныңыздай, шет елді келесі жылдардың еншісіне қалдырдым ) Өзімше кейде шетелде оқып жүргенімді елестетіп қоям )) Табақтай диплом алып, елге оралып жатсам ғоооой деп... 

Жазым демалыспен өтпегендіктен, кезексөз таяғы тиіп қалған екен, жаздағы ерекше оқиғалардың бірі туралы айтып берейін:

1. Диплом қорғаған күні ғой. Жұмысымызды қорғап болып, нәтижесін күтеміз деп КазГУ-де әрлі-берлі шыжып жүрдік-жүрдік те, Қағанатқа кірдік. Қағанатта бір қыз көзіме оттай басылды. Біртүрлі таныс. Біртүрлі көзге жылыұшырайды. Жә, онсыз да миым қазір ненің не екенін ажырата алмай, әрі-сәрі күйде тұр. Қорытынды шыққанша ештеңе ойламауым керек деп мән бермегенсіп қыздармен қайтып қалашыққа кіріп кеттім. Бір кезде біреу атымды атағандай болды. Қарасам банағы Қағанатта көрген қыз. -Сәлем, мен Ая. Нәп-нәзік қолын ұсынды. -Сізге жазып едім ғой... "Иә, әлбетте!" Сөйтіп Ая екеуміз танысып алдық ) 

2. Жұмыстан шаршап-шалдығып шығып, быт-шыт болып автобуста тұр едім. Біреу тесіліп қарағандай болды. Тіпті көзі өткір екен. Өңменіңнен өтеді. Сымбатты келген қараторы жігіт менен көз алар емес. Мен түсетін аялдамадан ол да түсті. Аялдамадан бір-екі қадам аттаған соң, артымнан ілесіп келе жатқанын байқап, кілт бұрылдым. Ол кібіртіктеп қалды да, іле-шала: "Сіз Массагеткз-те істемейсіз ба?" деді. Массагетте белсенділік танытпаса да, интернетке кіргенде бірінші ретте осы сайтты ашып, парақтап, оқып отырады екен. )) Бекзадамен осылай таныстық. 

3. Машинада келе жатыр ем. Зырғып ) Көшеден таныс жүзді көзім шалды. Алтыградус! ) Дәл өзі. Өй, ол Жапонияда жүр емес пе? Анда-санда келген кезде соның құрметіне бұрын блогшылар жиналушы еді. Жалпы шетелдік блогшылардың құрметіне атой салып, жиын жасаушы едік кезінде. Алматылық блогшыларды көріп қалсам, таң қалмас та едім. Жаннадан жай-жапсарын сұрармын кейін дедім де, ақыры ұмытылып кетті )

Міне, осылай ))) 

Кезексөзді Абзал ақынға беремін.