ҚазҰУ- мүмкіндіктер ордасы

ҚазҰУ- мүмкіндіктер ордасы
жеке
блог

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді. Түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фараби былай деп жазды: «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» . Осыған орай, ҚазҰУ сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді.

    Соның ішінде, өзім біліп алып жатқан Философия және саясаттану  факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасына тоқталғым келіп отыр. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Кафедра жылдан-жылға толығып, дамып келеді. Соңғы 5 жылда ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім және профессор Н.Ж. Байтенованың жетекшілігімен авторлық ұжым Қ.А. Затов, Ш.С. Рысбекова, Қ.М. Борбасова, Б.К. Бейсенов, Б.Б. Мейірбаев, С.У. Абжаловтар тарапынан Білім және ғылым министрлігінің бірнеше гранттары ұтып алынды. Дінтанудың маңызды мәселелері бойынша кітаптар баспаға шықты: «Қысқаша діндер тарихы», «Дінтану негіздері», «Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар», «Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер»  Сонымен қатар, кафедра дінтану мамандығы бойынша республикалық оқу әдістемелік орталықтың секциясы болып табылады. Кафедра оқытушылары еліміздің басқа да оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, мамандықты жетілдірулеріне қолдау көрсетіп келеді.. Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мамандар дайындау бойынша жетекіш кафедра болып табылады.

   Бүгінгі талапкер – тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білім ордасында оқу- әрбір түлектің арманы десек қателеспейтін шығармыз. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.

www.kaznu.kz

Кеңес Әнуар Алмасұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы
Дінтану мамандығының 2-курс магистранты