Ол сендік емес..

Ол сендік емес..
жеке
блог

 

Күн күлімдеп таң атқанда,  онымен бірге оянған сен емессің...

Оның тұнық көздерін, сүйіп жатқан да сен емессің...

Арнайы, бар ықыласымен таңғы ас әзірледі,

Бірақ ол да саған емес...

Кездесуге, қауышуға асығады, әрине, саған емес...

Бүгінгі күнін қалай өткізгенін әңгімелейді, саған емес...

Қуанышымен мұңын да сенімен бөліспейді...

Жүрек тербетер SMS-інде саған жазбайды...

Өлеңін де саған арнамайды...

Әсем әнін де...

Міне, міне, сенің ең ұнататын сөздерің...

Иә, иә еркелетеді...

Бірақ, сені емес...

Мм... болашағын армандайды, елестетеді

Тек сенімен емес...

Ыстық, дәмді тамағымен үйде сені күтпейді.

Күлімсірейді, бірақ саған емес...

Тіпті ашуланғанда, ұрғыламайды

Енді сенің кеудеңді...

Енді сен де оның көз жасын сүртпейсің.

Ашық хаттар мен сыйлықтар да

Енді саған емес...

                               ***

Көшеде қол ұстасып ЕКЕУ кетіп бара жатыр.

Бірақ, жанында сен емессің...

 

Қорқынышты ма?!

Ендеше, дәл қазіргі бақытыңды бағала...