Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Күңіренген күзден жадыраған жазға...

Күңіренген күзден жадыраған жазға...

Күңіренген күзден жадыраған жазға...

Жаз бойы бәлендей демалыс болмады, негізінен жұмыс істедім. Ал қыркүйектің басында Болгариядағы Sunny Beach-те өткен "Education, Research & Development" конференциясына 1 аптаға барып келгенімді бесеу білсе, екеу білмес... Міне, сол жерде жағымды мен жұғымдыны үйлестіріп, жазғы демалысымды жалғастырдым.

Теңіз терапиясы

 

5

Шуақты жағалауда болған күндердің барлығында дерлік теңізге баруды өзіме міндет санадым. Таңғы жеті болсын, кешкі жеті болсын, қолым қалт еткен уақытта теңізден табылуға тырыстым. Шомылдым, барқыт маусымының күніне қыздырындым. Бананнан құлап, басымды ісірдім.

Теңіз терапиясына теңіз өнімдерімен қоректенуді де енгізіп қойдым. Сосын әрине, күніне бір бокал қара теңіз шарабы...

Шарап дегустациясы

 Шарап демекші, іссапарымыздың 4-күні Поморие елді мекенінде орналасқан «Черноморское злато» арақ-шарап зауытына экскурсияға бардық.

4

Алдымен қолымызға ұйымдастырушылар ұсынған бір-бір бокал шарабымызды ұстап, шарап жасалатын және сақталатын ғимараттар мен бөшкелерді тамашаладық.

Мына бөшкелер тек қана Болгарияда өсетін еменнен жасалған уникалды бөшкелер. Үстіңгі нөмірі инвентар, ал астыңғысы – сыйымдылығы. Мұндай бөшкеден 10 мың бөтелке шарап шығады. «Өзің көтеріп кетсең, тегін сыйлаймыз» деп қалжыңдайды қызметкерлері.

3

Содан соң, сұлу келіншек бізді әдемі мейрамханаға шарап дегустациясына бастап әкелді.

1

Әрқайсымыздың алдымыздағы бос 4 бокал қара теңіздің таңдаулы ақ-қызыл шараптарымен толтырылды: Шардоне, Мускат, Мерлот және Каберне. Сұлу келіншек шарап дегустациясының қадамдарын айтып өтті:

  1. Бокалдағы шарап ернеуіндегі доға түсі. Мәселен, Шардоне шарабының жиегіндегі доғасы алтын жасыл түсті болады екен. Анықтап көру үшін ақ салфеткаға тақап қарау керек.
  2. Бокалды баппен шайқап, шараптың исін байқау. Тағы да Шардоне шарабының исі турады айтсам, алма мен алмұрт хош исі мұрныңызды қытықтайды.
  3. Үшінші қадам – асықпай дәмін көру. Бұл жерде енді Мускат шарабының дәмі есімде қалыпты, сарайыңды ашатын,балғын шампанды еске түсірді.

Менің келтірген мысалдарым – алғашқы ішкен 2 шарап. Қалған екеуі есімде қалмапты, айып етпессіздер. Әйтеуір, олар да ұнағанын білем.

Кейін бәрімізді шарапқа әбден тойдырғасын, зауыт бағасымен сатылатын шарап дүкендеріне алып барды. Өмірге риза жамағат 6 бөтелкеге дейін алып жатты. Бағасы шынымен-ақ арзан, 800-1200 теңгеден.

2

 

Антика мұрасы

 6

Шуақты жағалауға жақын жерде 5-6 ғасырдан келе жатқан Нессебар және Созополь («құтқару» дегенді білдіреді, христиан діні келгенге дейінгі атауы – «Аполлоний») қалалары орналасқан. Екі тарихи қаланың музейлерін әбден аралап, ежелгі грек әлеміне саяхат жасағандай болдым.

11

 Антика дәуіріндегі ақша

10

Өлген адамды жоқтап, жылағанда көз жасын осындай құмыраларға жинап, бірге көмген екен

9

Балық пісіретін ыдыс

7

 Ахх, Аполлон!

 12

Қазба жұмыстары әлі жалғасуда

 111

Ежелгі құдық

14

ЗЫ:Созопольде су асты археологиясы да бар.

 

Эстафета таяқшасын Айжан-Кербезге бердім.

Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 14 қыркүйек 2012, 17:11
Тегтер: Поморие, Қара теңіз, дегустация, Мерлот, Шардоне, Мускат, Paltasheff-Party
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2012, 17:21

Шарапқа әбден тойдырған екен :D

+0
14 қыркүйек 2012, 17:26

айтпа :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:25

Керемет, жазбаңды стиліңді сағынып қаппыншы шын. О шарап, ана жерде көзің осыны айтып тұр :lol: Жаздың тамаша аяқталуымен, айтпақшы, басың жазылды ма? Аполлон үшін қалайншы демедің ба?)))

+0
14 қыркүйек 2012, 17:29

жәнееем, рахмет :)
:lol: :lol: :lol: көзім айналып кетіпті ме? Аполлон үшін қалғым келді, Аполлонның башпайын ұстап тұрып тілек тіледім :oops:
тұмау жазылмады, бүйтіп демалғанымды қайтейін, шұрық-тесік ұшақпен қайтқан соң :cry:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:43

көз ғана емес қой, жымыйысты айтсаңшы ))) Мен укол алып жатырмын

+0
14 қыркүйек 2012, 17:44

ал мен малинамен шай:)

+0
15 қыркүйек 2012, 01:10

Скат?

+0
15 қыркүйек 2012, 01:12

Трансаэро

+0
14 қыркүйек 2012, 17:34

Эстафетаның арқасында біраз жерлермен таныстық, қыздар шет елді "қоймапты" әйтеуір, мықтысыңдар!)

+0
14 қыркүйек 2012, 17:51

тырысып жатырмыз :D

+0
14 қыркүйек 2012, 17:42

Жалаңаш Аполлонның қасында суретке киіммен түскенің қызық бопты :lol: :lol: :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:43

ендіііі, бөтен адамдар да жүр ғо, әйтпесе... :lol: :lol: :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:45

Хотя бы ұстап көрдің бе? Несін дейм да... садағын :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:46

жоға, тек башпайын, басқасына бойым жетпеді :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:49

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
16 қыркүйек 2012, 12:19

:lol: :lol: :lol:сiзде катырасызау! Жазбаныз унады! Куштi!

+0
16 қыркүйек 2012, 12:28

Рахмет! :D

+0
14 қыркүйек 2012, 18:07

:lol: :lol: :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 17:49

тырысып жатырмыз :D

+0
14 қыркүйек 2012, 18:09

жаман емес демалыс :lol: шарап ішіп, сосын аполлонға барып :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 18:12

ия :lol: :lol: :lol: арғы жағын айтпаймыын... :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 18:11

сосын не ғо, Аполдың қасында тұрып тілек тіле деді ме гид? :roll:

+0
14 қыркүйек 2012, 18:14

жоқ, өзімнің азғын қиялым ғоӘ :lol:

+0
14 қыркүйек 2012, 18:22

:lol: :lol: :lol: өлдім

+0
15 қыркүйек 2012, 01:13

Супер демалыс болыпты, өмірімде осылай по жұмыс барып қыдырып көрмеппін, неткен бақытты жан едің жағымды мен жұғымдыны бірге алып жүре алатын )))

+0
15 қыркүйек 2012, 02:11

енді, күрмеуге келмейтін қысқа жіп осындайға мәжбүр етеді :lol: :lol: :lol:

+0
15 қыркүйек 2012, 10:58

Керемет. Олар шарапты жақсы көреді ғой. Бәрінен бұрын маған қыш ыдыстар ұнады

+0
15 қыркүйек 2012, 15:33

иә, бір тылсым әсер қалдырады

+0
15 қыркүйек 2012, 15:40

:lol: Алғашқы сурет әдемі! Көз жасын жинағандары қызық, алғаш естуім. :)

+0
15 қыркүйек 2012, 17:42

Рахмет! :D
бұрыннан жазушы еді ғой антика тарихында ;)

+0
16 қыркүйек 2012, 16:57

Мяя, бірінші сурет тема! :!: Мұражайды суретке түсіруге рұқсат беріпті,ә? Көп жерлерде рұқсат етпейді ғой. Төрт түрлі шарап ішкен соң қызып қалған шығарсыз. :)

+0
16 қыркүйек 2012, 22:05

Рахмет :) Суретке түсіруге де, қолға ұстап көруге де болады:) қызғанда енді былай... :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.