Үміт пен сенім..

Үміт пен сенім..
жеке
блог

   2014-жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде "С" тобында төмендегі командалар бар: Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары және Қазақстан. Алғашқы ойынымыз жанкүйерлердің көз алдында болар, капитанымыз гол соққанда төбеміз көкке жеткендей болған, жеңіс қолда тұр деп тұрғанда, жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Ирландықтарға өз жерімізде, Астана Аренада1-2 есебімен есе жібердік. Екінші ойын Швециямен болған еді. Шведтердің соңғы Еуропа-2012-ге қатысқанын ескерсек, бұл ойынды өз дәрежесінде болды есептеуге болатын шығар. Есеп 2-0. Осы ойындарда соңғы минуттарда гол жіберуімен Қазақстанды бұл әдеттен арыла қоймағанын айтуда. Қазақ футболын сынап, мін тағуда. Менің ойымша ойыншыларымыздың жеке шеберліктері жетпей жатқан секілді. Командалық ойынын қарасақ, өте жақсы. Қорғаныста өте сауатты ойнады. Қателік болмайды емес, болады. Бапкеріміздің көп жұмыс жасағанын айтпаса да түсінікті.

   Енді кезекте Австрия командасымен болатын ойынды күтудеміз. Біздің футболшылар жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Ал менің сенімім мол...