Бензема алтын доп иегері

Бензема алтын доп иегері
жеке
блог

Парижде (Франция) Францияның France Football басылымының нұсқасы бойынша "Алтын допты" тапсыру рәсімі өтіп жатыр. Жылдың үздік ойыншысы сыйлығын "Реал Мадридтің" француз шабуылшысы Карим Бензема жеңіп алды.

Бензема кубогы аты аңызға айналған футболшы және "Реал Мадридтің" бұрынғы бас бапкері Зинедин Зиданның қолынан алынды.

Испания чемпионатының осы маусымында Бензема бес матчқа қатысып, үш гол соғып, бір пас берді. Сондай-ақ, француз шабуылшысы Чемпиондар Лигасының қазіргі ұтыс ойынында үш кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді.

Өткен маусымда Бензема Мадрид командасымен бірге Чемпиондар Лигасы мен Испания чемпионатының кубоктарын жеңіп алды.

Бұған дейін "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа маусымның үздік қақпашысы ретінде Лев Яшин сыйлығын жеңіп алған болатын.

Үздік жас ойыншы-испандық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Гави болды.