Журналистің қоғамға қажеттілігі.

Журналистің қоғамға қажеттілігі.
жеке
блог

Ақпараттық қоғамда журналист аудиторияның “көзі” іспетті. БАҚ пен ақпарат таратушы бола алатын журналистерсіз әлемді елестетіп көріңіздерші. Қоғамдағы блогерлер мен ақылды роботтар арқылы белгілі болатын ақпараттарға сене алуға болады ма? Журналистер болмаса, осындай ақпараттар бұрмаланған өсек болып қалушы еді. Меніңше, жауап анық, журналистер қоғамға қажет , заманауи технологиялар олардың қызметін жүзеге асыруға көмектесуі мүмкін, немесе оларды белгілі бір жағдайларда ғана алмастыра алуы мүмкін, бірақ адамның маңызды көсбасшылығы болмаса, одан ештене шықпайды.

Бірақта қазіргі секунд сайын дамып жатқан технологияны жоққа шығарып, мойындамауға да болмайды. Тек қана адам күші ғана емес, өз қажеттілігімізге тиімді пайдаланатын бұл технология адамзатқа белгілі бір ақпаратты әлемнің бір шетінен екінші шетіне санаулы секундтарда алуға мүмкіндік беріп отырғанын ескере кетейік.

фото сурет mediazavod.ru сайтынан алынған.