Азық-түлік бағасы

Азық-түлік бағасы
жеке
блог

Күні: 29.09.2022

Тақырып: Азық-түлік бағасының қымбаттауы

Автор: Делназ Тулегенқызы

Оператор: Зейін Марзия

СНХ: Алия Тұрсын-қала тұрғыны

СНХ: Арман Алдабергенов-қала тұрғыны

СНХ: Қымбат Асанғазы-қала тұрғыны

Стендап:Қайырлы күн қадырменді оқырман! Бүгін Алматы базары, сауда орталықтарындағы азық-түлік бағалары туралы айтатын боламыз. Өйткені қазіргі таңда азық-түлік бағалары айтарлықтай өскені жасырын емес. Ұлттық статистика бюросының мәлметтеріне сүйенетін болсақ, елімізде бір жылда азық-түлік бағасы 19,7%-ға, ал инфляция жылдық есептеуде 16,1%-ға өскен.

ЗКТ:Көктем, жаз айларындағы қантқа деген сұрыныстың артуына байланысты, оның бағасы да едәуір өсті. Мысалы өткен жылы қанттың бағасы 1 кг 256 тг құраса, ал қазір 1 кг 473 тг шамаларын құрайды. Қарапайым нан мен ұнның бағасы да күннен күнге өсуде. Бұрын нанның бағасы 100 тг болса, ал қазір 200 тг ден кем емес.

Тілші: Азық-түлік бағасының өсуіне көзқарасыңыз қандай?

СНХ: Алия Тұрсын – қала тұрғыны:

 Өте нашар. Наразымын.Азық-түлік бағасы күннен күнге өсіп жатыр. Бұл мүлдем Қазақстандағы орташа жалақыға сай емес. Тамақ нарықпен бірге өссе, жалақы сол қалпында тұр. Бұл дұрыс емес. Бәрі қымбат болғандықтан бірнеше жұмыста жасауға тура келеді.

СНХ: Арман Алдабергенов-қала тұрғыны:

Бағаның өсуі дұрыс емес. Ақшамызды әрі тартып, бері тартып жүрміз ешқайда жеткізе алмай.

СНХ: Қымбат Асанғазы-қала тұрғыны:

Қазіргі таңда бәрі қымбаттап кетті. Бұл бізге қиындық тудырады. Жалақы төмен, ол жалақыны жеткізу қиын. Нан, қанттың өзі қол тигізбейді. Осының бәрі аз болсада арзандаса жақсы болар еді.

Стендап:Алматы тұрғындарының айтуынша елімізде әсіресе қаңтар оқиғасынан кейін азық-түліктің бағалары өскені. Бұған қарапайым халық наразылық білдіруде.Осыған байланысты Алматыда азық-түлік базарлары мен сауда желілеріндегі делдал қызметін тексеретін комиссия құрылды. Олардың басты міндет – азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және инфляциялық процестерді төмендету жөніндегі жұмысты күшейту.