Журналистиканың болашағы бар ма?
жеке
блог

Журналистиканың болашағы бар ма?

«Журналист боламын» деген әрбір жан « теледидарды ешкім қоспайды ғой, газетті де оқымайды, барлығы әлеуметтік желіге көшті» сынды мыңдаған пікір естіп жүр. Шын мәнінде, төртінші билік деп те атайтын мамандықтың болашағы бар ма?

Әлемдегі соңғы жаңалықтар,елдің ішкі және сыртқы саясатында қандай өзгерістер болып жатыр – осының бәрімен бізді хабардар ететін журналистика. Иә, хабарды БАҚ-тан да жылдам тарататын әлеуметтік желі белсенді саны күннен-күнге артып жатыр. Бірақ, блогерлер көбінесе ақпаратты эмоциямен беруге күш жұмсайды. Тездетіп жаңалықпен бірінші бөлісемін деп, айтылған сөздің рас өтірігіне мән бермеуі де мүмкін. Ал журналистикада журналистік этика бар. Болып жатқан жайтқа кәсіби маман көңіл-күйі қосылмай, бейтараптылық ұстануы тиіс.

XXI ғасыр қоғамы - медианың қағаздан цифрлық форматқа алмасуының куәгері. Техника қарыштап дамыған сайын ақпарат беру тәсілі, жалпы журналистика трансформацияға ұшырады. Бір БАҚ екіншісімен ауысып, әлеуметтік желі басым ақпарат көзіне айналды. «Газеттің заманы өтті» деп көбісі айтып жүргенімен де, әр апта сайын тағат таппай күтетін оқырман жетерлік. Бұл баспасөз ісінің де медианарықта өз орны бар екенін дәлелдейді. Ахмет Байтұрсынұлының «газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» - деген сөзі бүгінгі күні өзекті болмаса да, журналистика өз тұғырын жоғалтқан жоқ.

БАҚ ішіндегі мейлінше қолжетімді, кең aуқымды– рaдио. Aқпaрaт пен музыкaны жеткізу желісі ғaнa емес, сонымен қaтaр, эфир aрқылы aйтылым мен тыңдaлым мәдениетін дaмытып, aудиторияның эстетикaлық тaлғaмын aрттырaтын тaным тетігі. Әрбір медиа халық мәдениетінің қалыптасуына негіз болады. Тіпті, қоғамның әлемге көзқарасын өзгертуі мүмкін. Сондықтан, «журналистика болашақта өзекті болмайды» деп айту қате.

Журналистика жаңа дәуір қарсаңында тұр. Ол не әкеледі, қандай салдарға әкеліп соқтырады, оны болжауға әлі ерте. Бір анығы, журналистиканың болашағы бар!

Еркежан Габдуали

ХАТУ студенті