ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША  КЕЗДЕСУ ӨТТІ
жеке
блог

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

хатшысы Күнпейсов Мейрамбек Заманбекұлының аумақ тұрғындарымен түйткілді мәселелер бойынша кездесуі өткізді.
Жиынға елді мекен тұрғындары қатысып, түйіткілді мәселелерін ашып айтып, олардың шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Заманбекұлы ауыл тұрғындарына Президент Жолдауында көрсетілген басым бағыттарға тоқталып, ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар, әріптестерін «Халық үніне құлақ асатын үкімет» құруда білек сыбана жұмыс жасауға шақырып, тұрғындардың көтерген мәселелерінің шығу төркінін саралап, шешімінің табылуына ықпал жасауға дайын екендігін жеткізді. М.Заманбекұлы аталған мәселелерді шешуде жүйелі жұмыстың қажеттігін айтып, ең алдымен қайда және кімге барып арыз қалдыру керектігін түсіндіріп, жол нұсқады.
Ауыл тұрғындары арасында өзекті болған мәселелер қатарына су, жер және құжаттандыру мәселесі енді.
Аталмыш мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы тиісті мекемелерге арыз-шағым жазып қалдыруларын және ары қарайғы процессуалды іс-әрекеттің қандай боларын саралап берді. Өз тарапынан аталған мәселелердің оң шешім табуына барынша ықпал жасайтындығын және бұл процесс «AMANAT» партиясының жеке бақылауында болатындығын айтты.
Кездесу соңында Жолдауға қолдау көрсеткен тұрғындар өз мәселелерінің уақытылы оң шешімін табатындықтарына сенетіндіктерін жеткізді.