Менің мамандығым-менің болашағым

Менің мамандығым-менің болашағым
жеке
блог

 

 

Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуікерек. Бірі жар таңдауда, екіншісі мамандық таңдауда демекші. Мамандық дұрыс таңдай білу бұл сіздің жарқын болашағыңыздың кепілі. Сіз жәй ғана мамандық таңдаумен шектелмей, бұл саланың болашағы бар жоғына, сұранысқа ие екеніне көз жеткізгеніңіз жөн.

 

Өзімнен бастар болсам, менің таңдауым журналист мамандығына түсті. Біріншіден,журналист ол қоғам мен мемлекет арасында қарым қатынас орнататын адам. Екіншіден, болашақта бұл саланы ешбір робот немесе техника алмастыра алмайды.

 

Казіргі таңда мен Халықаралық IT университетінің Цифырлық журналистика факультетінде, бірінші курс оқып жүрмін. Бұл университетте білім алып жүргеніме аз ғана уақыт болса да, өз салама байланысты терминдермен, дұрыс жазу әдістерін үйрендім.

 

Ең алдымен оқу орнының басты жетістігі деп арнайы жабдықталған студияны атап өтуге болады. ХАТУ студентті барлық технологиямен қамтамасыз етеді. Бізде дәріс беру үш тілде өттеді. Қазақ және орыс тіліндегі ақпараттан бөлек, ағылшын тілінде де білім аламыз, осында білім алғалы бері ағылшын тілінде сөйлеу деңгейім жақсарып қалды. Ал егер де сіз шет тілін мүлдем білмейтін болсаңыз, арнайы ақылы курстар бар.

 

Сонымен қатар біздің оқу орнының мұғалімдері көбінесе сала бойынша қызмет ететін мамандар. Яғни, тек сабақ қана беріп қоймай, телеарна, сайттар мен жергілікті радиода да қызмет етеді. Сондықтан олардың кәсіби маман екендігіне күмән жоқ.

 

ХАТУ да дәріс беру көбінесе практикаға негізделген, бұл дегеніміз жас маманға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар бізде дәріс берумен ғана шектеліп қоймай, журналистика саласындағы мамандарды шақырып түрлі мастер класстар өткізеді .

 

Белсенді студенттер үшін де түрлі клубтар қарастырылған. Мәселен  би, чирлидинг, спорт түрлері, радио мен фото секілді қызықтыұйымдардың мүшесі бола аласыз. Университет қабырғасында үнемі түрлі байқаулар мен жарыстар ұймдастырылады. Жалпы ХАТУ қабырғаында студеннтік өміріңіз қызықты өтері  сөзсіз.

 

Мейрамбек Қарақат

ХАТУ студентті