«БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ ЭКОЖҮЙЕСІ»: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП
жеке
блог

«БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ ЭКОЖҮЙЕСІ»: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП

Елдегі бақылаушы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрсетуі бизнестің өзекті проблемаларының біріне айналған. Өкінішке қарай, органдар тарапынан қуғын-сүргін көрсету төмендеген жоқ. Көптеген негізсіз қозғалған қылмыстық істер, негізсіз жүргізілетін процестік әрекеттер бар. Егер қылмыстық істер статистикасы бойынша қарайтын болсақ, 2021 жылы 1770 іс қозғалды, осы кезеңде 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды. Сонда қылмыстық істердің 20-25%-ы негізсіз қозғалған. Егер жекелеген процестік әрекеттер – тінту, тартып алу, шоттарға тыйым салу жайын айтатын болсақ, өкінішке қарай, Қазақстанда бұл статистиканы ешкім жүргізбейді.

Алматы қаласының  кәсіпкерлер палатасы Бизнесті қорғау жөніндегі V форумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ынтымақтастығын іске асыру шеңберінде 11.03.2021 жылы қабылданған Жол картасының 1.2-тармағын орындау мақсатында бірлескен прокурорлармен жұмысты күшейтті. Рейдерлік және кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалауға заңсыз тарту фактілері бойынша шағымдарды қарау мақсатында  кәсіпкерлердің шағымдарын қарау бойынша жұмыс тобы құрылды.

«Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі міндеті мен мақсаты бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау. Бүгін Медеу аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендиновпен, жергілікті полиция қызметінің бастығы Айбек Болатбаевпен бірлесе отырып, ауданымыздың ойын-сауық мекемелерінің басшыларымен көшпелі кездесу өткіздік. Кездесу барысында полицейлер (учаскелік полицей) тарапынан тексерулерге қатысты мәселелер көтерілді. Онда уәкілетті органдар қолданыстағы заңнама нормалары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кәсіпкерлердің қарым-қатынасына заңсыз салынған айыппұлдарға және заңды емес іс-әрекеттерге шағымдану мүмкіндігі бойынша аудан прокуратурасында түсіндіру жүргізді», – деді Алматы ӨКП Медеу аудандық филиалының директоры Айбек Қызыкенов.
Спикердің айтуынша, бұл жұмысқа мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі, әкімшілік, қылмыстық практика және т.б. сияқты түрлі салаларда бірлескен талдау жүргізу кіреді. Талдау нәтижелері бойынша түйткілді мәселелер анықталады.  

«Тура осындай жұмыс Алматы қаласының басқа аудандарында да жүргізіліп жатыр. Ертең 30 қыркйүек сағат 15:00-де кәсіпкерлерді Жетісу ауданының прокурорымен кездесуге шақырамыз. Кездесуде кәсіпкерлердің құқығын сақтауға байланысты мәселелер, бизнестің қазіргі проблемалары және оларды шешу жолдары қаралады. Оларды біз жұмыс топтарының жиналыстарында талқылаймыз және кәсіпкерлік субъектілері құқығының бұзылуына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірленеді», – деді Жетісу аудандық филиалының директоры Нұрбике Рахимова.  
Сонымен қатар Алматы қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Facebook-те @almatyprokuror және Instagram-да @prokuror_almaty.kz ресми парақшаларында «Өз құқығыңды біл!» тақырыбында тікелей эфир тізбегі жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. «Өз құқығыңды біл!» - ұлттық заңнаманы түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн режиміндегі бағдарлама. 30 қыркүйекте өткен тікелей эфирде  «Полиция  тарапынан алдын ала бақылауды жүзеге асыру кезіндегі кәсіпкерлердің құқығын сақтау» тақырыбы талданды.   

#РППалматы