Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Кел" дегендей болды Көкше...

"Кел" дегендей болды Көкше...

«Кел» дегендей болды Көкше,
«Күмбезіме шық» дегендей болды Көкше,
«Көкке төбеңді тигізейін» дегендей болды Көкше,
«Күнге бетіңнен сүйгізейін» дегендей болды Көкше.

Сәбит Мұқанов

Бурабайға бару идеясы аяқ-астынан келді. Құрбым Мадлен Астанаға барамын деген соң мен де қасына ілесіп алдым. Үстіндегі Сәбит атамыздың сөздері тура менің жағдайыма іспеттес болғандай көрінді. Кейін Астанадан тағы бір блоггер қызымыз Әйгерім қосылып, үшеуміз сонда тартып тұрдық.

Бурабайдың табиғаты енді керемет. Көлдері мен тауларына, жасыл желегіне қарап-ақ демаласың. Тап-таза ауа, тылсым табиғат... Бурабайға кіреберістегі зәулім ағаштар, орманнан бастап өзімнің Алматыдан жырақта, басқа жерде жүргенімді сезініп, көңілім жайлана бастады.

Талай рет суреттерден көріп жүрген Жұмбақтас пен Оқжетпеске жетуге аз қалды...

Суға түсетін мезгіл болмағандықтан суға түсе алмадық, бірақ көлге жетіп, жай серуендеудің өзі бір ғанибет...

Айнала қатпар-қатпар тастарға толы. Осындай түрлеріне қарап, осы тастарға миллиардтаған жыл болған шығар деп ойладым.

Кейін адам жоқ бір жағажайға бардық, қателеспесем "Шортанды" көліне. Жағажайда жүріп, өзімді Қазақстанда емес, тура бір Кореяда, оның ішінде сериалында ойнап жүргендей әсерде болдым. Сол жағажай маған қатты ұнады. Әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес...

Кейін Жұмбақтастың жұмбағын шешуге қайыққа отырып, Жұмбақтасқа қарай тарттық.

Жалпы Көкшетау өңірі түрлі аңыздар мен ертегілер орталығы десе болады екен. Көкшедегі әрбір тау-тастың өзіндік аңызы бар. Мысалы, мына Жұмбақтас туралы біз естіген бір аңызды айтып берейін. Суретке қарасаңыздар оның бейнесі қызға ұқсайды. Ертеде қазақтар бір қалмақ қызын қолға түсіреді. Қалмақ қызы өте сұлу болады. Оған біраз жігіт қалыңдық етіп алмаққа таласады. Сонда қалмақ қызы Оқжетпестің үстіне шығып, орамалын желбіретіп, осыған кімнің оғы жетсе, соған тұрмысқа шығамын дейді. Алайда, оған ешкімнің оғы жетпейді. Сонда қыз жардан секіріп, кейін осы жерде қыз бейнесіндегі тас пайда болған дейді-мыс...

Алайда мына кейпі кемпірге ұқсап кетеді. Жалпы Жұмақтастың әр жағынан қарағанда түрлі кейіпкерлерді елестетуге болады. Фантазияңыз жетілген болса болғаны.

Өзіме бұл тас "Кинг Конг" фильміндегі аралды есіме түсірді. Теңіздің ортасында осындай тастардан жасалған арал шығатын еді ғой. Яғни, бұл тастарға да миллион-миллиард немесе одан да көп жыл тұрған болса таң қалмаймын.

Артымызда сұлу Оқжетпес.

Оқжетпестің дәл үстінде осындай пілге ұқсас тас жатыр. Және ол піл туралы да аңыз бар. ))

Мынау Абылайхан шыңы деп аталады. Артымызда оң жақтағы екі тауға қарасаңыздар шалқасынан жатқан кірпіні елестетуге болады. Ел арасында "Мас кірпі" деген атау алған.

Мына жерде Абылайхан тағы деген тас бар. Бұрындары осы жерде үш жүздің басы қосылып, талай мемлекеттік мәселелер талқыланған екен-мыс. Адамдар ниеттенуге құмар ғой. Бұл жерді де армандар орындалатын мекен етіп қойыпты. Қапы қалмай, біз де біраз арманымызды айтып қалдық.

Қарағайдан энергия алуға болады екен. Әлбетте оның энергиясын тартып алатындай ұзақ уақыт онымен құшақтасып тұруың керек. Есі дұрыс емес екен демейінше, жай ғана суретке түсіп қайттық.

Одан кейін мына бір көлдің аймағында орналасқан шипажайға барып, 5 күн өзім жалғыз жаттым. Өте керемет, таңертең тамақ ішіп келемін де ұйықтаймын, сосын түсте тамақ ішіп келемін де орманда серуендеймін, кітап оқимын, сосын кешкі шай ішемін де велосипед тептім, кешке тамақ ішемін де көрші бір қызбен әңгіме айтамыз, сериал қарап, тағы ұйықтаймын. Жалпы ұйқы-тамақ-ұйқымен 5 күнім өтті. ))

Кейін Астанаға келдім де, бұрыннан баруға армандап жүрген Хан Шатырға бардым. Күшті екен, Алматыда да болса екен деп ойлап қойдым.

Сосын байырғы Уордпрессшілер болып, Астанада жиналдық. Ұзақ болмаса да, сондай қызықты кездесу болды.

Ал енді қысқа-нұсқа сервис жайлы айтар болсам, Бурабайда бір күнге квартира жалдағанымыз жалпы қымбатқа түскен жоқ. Бір асханаға барып тамақ іштік, онда да арзан түсті. Ал шипажай біраз қымбаттау болды. Және ол сол бағасына тұрмады, шыны керек. Былтыр Сарыағашта демалғаныммен көп салыстырдым. Және Сарыағашқа азырақ ақша төлесем де бар жағынан Бурабайдан асып түсті. Сондықтан, Бурабайды шипажайларын рекомендей алмаймын. ))

Бұл демалыстан не түйдім? Әсем табиғат, бұндай табиғатты көру де екінің біріне жазбаған ғой. Жалпы, мен үшін оңашада, тыныштықта демалу үлкен әсер берді. Көп нәрсені саралап, мотивациялық кітаптар оқып, жақсы демалып қайттым.

Және осы саяхатта мені қосарлатып, ілестіріп алған Маржанға, бізге Көкшенің сұлуығын тамашалатқан Айгерімге үлкеееееееен рахмет! Бақытты болыңдар, қыздар! )

Эстафета таяқшасын Монти жаныма беремін :)

32
Рейтинг: +10

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 12 қыркүйек 2012, 13:32
Тегтер: Бурабай, Көкшетау, санаторий, демалыс

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.