Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ағаға хат

Ағаға хат

Ағаға хат

Ағатайым менің! Жо-жоқ! Енді сіз маған аға, мен сізге қарындас болуға жарамаспыз... Қызық...Сонда сізді қалай атамақпын?!

Қолыма қалам мен қағаз алып отырғаныма бір сағаттан асты. Ештеңе де жарытып жаза алар емеспін. Бірақ жазу керектігімді білемін. Бәрін басынан бастағаным дұрыс болар.

Осыдан екі жыл бұрын қиялымды қанатыма байлап, арманымды арқалап, алып қала, ару қала Алматыға алғаш келген күнім әлі де есімде. Жаңа қала, жаңа орта, жаңа адамдар... Бәрі де мен өскен ортаға еш ұқсамайды. Ауасы да тым ерекше. Көшеге жалғыз шықсам мәңгілікке адасып кететін шығармын деп қорқатынмын)))

Жападан Жалғыз қалғандай болдым, ата-анам да, бауырларым да, туыстарым да, тай құлындай тебісіп өскен құрдастарым да алыста. Жақындарымды сағынып, талай рет әжетхананың есігін құлттап алып та жылайтынмын, жастығым су болып оянған күндерім де қаншама еді?!...

Өмірімнің осындай ауыр кезеңінде Ертегідегі құтқарушы періште секілді менің өмірімде сіз пайда болдыңыз. Пайда болдыңыз да, бәрін бір сәтте өзгертіп жібердіңіз.

Күрең күздің алғашқы айлары болатын. Қоңыр салқын. Қалашықтың күзгі бағы – сізді алғаш көрген, сізбен танысқан орын. Сол сары мен жасыл түске боялған скамейка әлі күнге дейін көз алдымда.

Жанұямда үш қыз болып өскен соң ба, ұлдарға тым жақын болдым. Бала күнімде сыныптастарым ренжітсе, «шіркін, ағам болғанда ғой, көкелерін көрсетер еді» деп талай рет жылған да едім. Сондықтан өзім танысқан жігіттерден ағалық махаббат іздейтінмін, қарындастай құрмет, сыйластық көрсетуге асығатынмын. Сізбен де бәрі солай болды.

«Қарындас апай»... Сіздің маған ең алғашқы айтқан сөзіңіз дәл осындай еді. Сол күннен бері сізге еркелігіңізді көтеретін қарындас та болдым, сырыңызды тыңдап, ақыл қосатын апай да болдымӘрдайым көмектесіп жүретінсіз. Өзімде сізден көмек сұрауға асығатынмын. Құлап бара жатсам, сүйеп қалар қорғанымдай санайтынмын сізді. Сізде мені жас балаша еркелететінсіз. Әйеліңіз бен сүп-сүйкімді Ікәр, Кәусар есімді қызыңызбен таныстырдыңыз. Айман апайға қайынсіңілі, балапандарыңызға жақсы әпке болуға менде барынша тырысатынмын.

Осылайша таңдар атты, күндер батты. Екі көктем, екі күз өтті. Бәрі ойдағыдай болатын. Мен өз махаббатымды таптым. Сізден жасырынып жүріп, Айдосыммен талай рет кездестім. Сонда неге жасырынатынымды білмеймін, бірақ сіз ренжіп қалатындай көрінетін маған. Айдос маған үйлену туралы ұсыныс жасаған күні, сізге бәрін айтпақ болып бел будым. Кешке сізбен жолықпақшы да едім, кенет почтама хат келді. Сізден екен. Әдеттегідей, қал-жағдайымды білгісі келген кезекті хаты болар деп, аштым. Өз көзіме өзім сене алмаймын. «Аяулым, кешірші мені! Мен сені жанымнан да артық жақсы көремін. Мендік болшы. Сен үшін бәріне де дайынмын...». Иә, дәл осылай жазылған хат. Көзім шығып кете салдады. Сене алмаймын. Бәлкім қате кетіп қалған шығар деп өзімді алдап қоямын. Бірақ, есімім ап-анық жазылып тұр. Денем дірілдеп, не істеп не қойғанымды білмей, сыртқа жүгіріп шықтым. Сізбен алғаш танысқан баққа барып ұзақ отырдым. Көз алдымда алтыннан да ардақты Айман апай, былдырлаған қос қарлығаштарыңыз көз алдымнан өте шықты. Енді олардың бетіне қалай қарамақпын? Бөлмеме келдім де осы хатты жазуға кірістім.

Ағатайым менің! Мұның бәрі қалайша болды? Енді сізбен ешқашан жолықпағанымыз бәріміз үшін дұрыс болар. Айман апайға мені тұрмысқа шығып кетті дей салыңыз. Жоқ, бұл жай ғана сөз емес, мен расында да өз Төлегеніммен бірге кетпекпін. Айман апай екеуіңіздің тойымыздың төрінде отырғандарыңызды қатты көргім келіп еді. Әттең-ай! Тек айтарым,  кеш болмай тұрғанда өз бақытыңызды, өз алтындарыңыздың қадірін біліңізші...

 

(Ал сіздің отбасылы жігіттің осылайша ғашық болып қалуына айтарыңыз бар ма?)

24244 24
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 11 қыркүйек 2012, 18:40
Тегтер: аға, махаббат, сезім, отбасылы жігіт
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 23:23

нендей сезім жоқ өмірде...

+0
12 қыркүйек 2012, 00:54

ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖҮРГЕНБЕ?

+0
12 қыркүйек 2012, 09:16

Қыз дұрыс шешім қабылдаған, солай істеу керек. Сезім деп адамдықтан кетпеу керек (өзімді ескі түсініктегі адам санаймын, бірақ осындай қарым қатынастың қиынын білемін).

+0
12 қыркүйек 2012, 09:30

енді екеуі мүлдем көріспей кетсе, уақыт өте барлығы ұмытылады, жігіттер эгоисттер! как всегда :roll:

+0
12 қыркүйек 2012, 09:32

сізбен екі қолымды көтеріп отырып келісемін((((

+0
12 қыркүйек 2012, 10:01

тілін шығарып тұрған смайл саған!

+0
12 қыркүйек 2012, 10:03

рас қой??? әйелін, бала-шағасын, қыздың бақытына түкіргені бар жігіттің

+0
12 қыркүйек 2012, 10:00

:( :cry:

+0
12 қыркүйек 2012, 10:04

Бір түрлі екен. Тура кинодағыдай. Бірақ, ақыл-есі дұрыс ер азамат жанұясын ойлауы керек сияқты. Ал қыз бала санасы бар болса, өз жолын өзі табуы керек. Өз ойым осы.

+0
12 қыркүйек 2012, 10:06

дұрыс қой, бірақ, екі жақтың жүрегі де ақылға бағынбаса ше?

+0
12 қыркүйек 2012, 10:07

сезімді бағындыруға болады, ақыл махаббат деген болу керек

+0
12 қыркүйек 2012, 10:33

Жүректі емес, іске басты қосу керек :)

+0
12 қыркүйек 2012, 10:52

Аға мен қарындас арасы әрдайым қиын, аяғында шиеленісіп кетеді. Дұрысы араласпаған жақсы.

+0
12 қыркүйек 2012, 11:03

басында ондай болатынын ешкім де білмейді ғой

+0
12 қыркүйек 2012, 11:08

Соны басынан бастап алдын алған жақсы ғой, соңында осындай болып кетпесін деп.

+0
12 қыркүйек 2012, 11:27

өзіңіз бір қарындастардан әбден зардап шеккен сияқты көрінесіз :D

+0
12 қыркүйек 2012, 11:44

:) :) :)

+0
12 қыркүйек 2012, 13:14

кыз сезiмге берiлмей,акылга салып,дурыс шешiм кабылдапты. Жiгiттiн эгоистiк танытканы акымактык!

+0
12 қыркүйек 2012, 14:34

Жігітті не үшін кінәлап жатсыздар? Сүйіп қалған шығар ) Бірақ атам қазақ "тең теңімен" деп бекер айтқан ба? Отбасылы адам өрімдей жас қызға тең бе еді. Қыз ақырында дұрыс шешім қабылдап отыр деп санаймын...

+0
12 қыркүйек 2012, 16:44

. . .

+0
12 қыркүйек 2012, 21:01

Айгерім ренжімеші, осыған ұқсас қазақ радиосынан новелла тыңдап едім, он.кз те жазған ем. Дегенмен, өмір қатыгез иа...

+0
13 қыркүйек 2012, 11:13

"Қарғынның" кейбір тұстарын есіме салды...Өмірде бәрі де мүмкін деседі...Қызға да байланысты көп нәрсе..Әуелден бұндайға апармау керек еді немесе қарым-қатынастың үзілгені дұрыс еді..

+0
13 қыркүйек 2012, 12:39

менің есіме "Қарғын" түсті....

+0
16 қыркүйек 2012, 16:53

сезім шіркін қандай жағдай болсада өз дегеніне жетеді ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев