«Білім беру ұйымын басқару» симуляторын енгізу жоспарлануда
жеке
блог

«Білім беру ұйымын басқару» симуляторын енгізу жоспарлануда

«Білім беру ұйымын басқару» симуляторын Педагогикалық шеберлік орталығына енгізу жоспарлануда

Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарына алғаш рет мектепті басқару симуляторын енгізу жоспарлануда. Симулятор мұғалімдерге мектептегі қызметіне жақын, қате шешімдердің теріс салдарын тудырмайтын кәсіби және басқарушылық жағдайларға еркін бойлауға жағдай жасайды.

Платформаны бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу процестерді нақтылаудың жоғары дәрежесі бар білім беру құрылымы қызметінің кешенді моделін құруға мүмкіндік береді, мұнда параметрлер мен шешімдердің едәуір саны жабдықталған виртуалды мектепті басқарудың кемінде 50 аспектісі ұсынылған.

Осыған ұқсас симуляторлар үздік жоғарғы оқу орындарында белсенді қолданылады, оның қатарында Пенсильвания Университетінің Уортон бизнес мектебі, АҚШ-тағы MIT жанынан құрылған Слоун менеджмент мектебі, INSEAD француз бизнес мектебі бар. Бүгінгі таңда симуляторлар Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Жоғары экономика мектебі, Ресей Үкіметі жанындағы қаржы университеті, Сколково Мәскеу басқару мектебі және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің менеджмент жоғары мектебіне де енгізіліп жатыр.

Симуляторды техникалық іске асырудың маңызды элементі визуалды компонент болып табылады – платформа аналитикалық деректердің үлкен көлемін құрылымдалған түрде интерактивті және айқын көрсету жұмысын орындайды: индикаторлары бар плашкалар, графиктер, инфографиялық интерфейстер және иллюстрациялар. Интерфейстер навигациясын виртуалды мектептің интерактивті картасы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ симмулятор танымал браузерлердің барлық түрлерін қолдануға мүмкіндік беріп, қосымша бағдарламалар мен кеңейтімдерді орнатуды қажет етпейді.

Симулятор қызметі стратегия әзірлеу, басқарушылық шешімдер қабылдау, басымдықтарды анықтау, жоспарлау секілді кәсіби менеджерлік дағдыларды кеңейтуге, сонымен қатар ойын негізінде тренерлермен бірлесіп қателерді талдап оқытуға ықпал етеді.

Басшылар мен кадрлық резервке арналған симмулятордың басты ерекшелігі – кәсіби құзіреттіліктерді диагностикалау құралы мен оқыту жүйесі ретінде де әрекет етуі.