Кітап-адам санасын өзгерте ме?

Кітап-адам санасын өзгерте ме?
жеке
блог

Кітап-бағасы теңдесіз, дүниедегі ең басты рухани құндылықтардың бірі. Кітапты беріліп оқитын адамдар үшін, оның әрбір парақтары ерекше бір әлем іспеттес. Балалардың мына әлемді алғаш тануы да, осы кітаптардан басталады десек, еш қателеспегеніміз болар. Тіпті, өміріңізде бір ғана кітап оқысаңыз,сол кітаптың өзі,сізге ерекше әсер қалдырып, ақтық деміңіз шыққанша,есіңізден кетпейтіндей болады.


Ал,сол оқыған кітаптар адам санасына қаншалықты әсер етеді? Әрине, бұл сұраққа әр адам, әр түрлі жауап қайтаруы мүмкін. Себебі, әрбір адам-индивид. Сіздердің ойларыңызды білу, оның мәнісіне терең көз жүгірту,мен үшін қымбат. Дегенмен, әзірше өз ойыммен бөлісе отырайын. Меніңше, оқыған әрбір кітап,кітаптың оқиғасы,оның жанры, адам санасына кемінде   50 %-ға әсер етеді. Осы таңда, қалай деген сұрақ туындауы мүмкін.Ендеше,қарапайым мысалға өзімді алайын. Осы уақытқа дейін, қаншама кітаптар оқыдым, әр кітаптың мен үшін өз орыны бар. Себебі, әрбір кітап менің өміріме, менің дұниетанымыма жаңа бір толқындар алып келіп, өмірге деген көзқарасымды өзгертуге өздігінше үлес қосты. Сондай кітаптардың бірі, әйгілі ағылшын жазушысы,драматург, Агата Кристидің “Убийство в “Восточном экспрессе”” атты детективті романы болатын. Кітаптың аты адам шошырлық болғанымен, кітаптың қызықты сюжеті арқылы, адамға ерекше мән-мағына сыйлай білетін кітаптардыңың бірі. Осы күнге дейін,қылмыстық істер, зерттеу жұмыстардан қорқатын мен үшін, бұл кітап ерекше бір леб берді десем де болады. Осы кітапты оқи отырып, өзіме детективты сюжеттердің ұнайтынын, өмірде егер осындай ұқсас таптаурындар кезіксе, оларды қалай шешуге болатыны туралы түсіндім. Осы бір кітаптың лебімен, ағылшын жазушысының 10 нан астам кітаптарын 2 ай аралығында оқып бітірдім. Әрбір оқиғаны аяқтаған сайын, өмірде қандай қиындықтар болатынын,адамға қиянат жасамау керектігін, өмірдің бумеранг екеніне сан мәрте көз жеткіздім. Осы жанрдағы ктаптарды оқи бастағаннан кейін, бұрындары мән бермейтін, өмірдің әрбір тетігіне мән беретін болып жүрмін. Сол мән беруімнің арқасында, алдағы келер таптаурындарыма жеңіл қарап, оның түйінін оңай табатын кезгеде жеттім. Тіпті, осы бір кітапты оқи отыра, өзімнің болашақ мамандығыма жол салдым десем, еш қателеспегенім болар. Өзіме детективті саланың қызық екені, әрі сол салада өзімді көретінім туралы ерекше ой алып, өз мамандығымды таптым деп ойлаймын.


Қорыта келе, өз тәжірибеммен бөлісе отыра, сіздерге кітаптың адам санасына қалай әсер ететінін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Менің ендігі мақсатым- әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, оқыған кітаптарымнан өміріме қатысты маңызды мәліметтер мен тәжірибелер алу. Және, сол тәжірбиелеріммен болашақта барша жастармен бөлісу. Сіздерге берер кеңесім, жылына кем дегенде бес кітап оқып көруді ұсынар едім, сол кезде сізде, өз санаңыздың өзгеріп жатырғанына, көз жеткізетін боласыз.