Ұлы даланың жеті қыры
жеке
блог

Ұлы даланың жеті қыры

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы,елдің ел болып іргетасы қалануы үшін келешек ұрпақ сол елдің өткен тарихы мен дінің,мәдениетін бойына сіңіріп өсуі қажет.Тарихқа көз жүгіртіп қарар болсақ,біздің еліміз мәдениет пен өркениеттің пайда болып,ұрпақтан-ұрпаққа көздерінің қарашығындай сақтап келе жатқан ел екенін түсіне аламыз.Сонымен қатар,сол өркениеттің бастар бұлағы,қайнар өзі мына біздің ұлан-байтақ жеріміз десек те қате айтқанымыз емес.Осы орайда еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады.Бұл мақала біздің қазақ елінің тарихын,мәдениетін дәріптейтін,келешек өскелең ұрпаққа үндеу істеппес.Қазақ елінде тұратын,жүрегі қазақ деп соғатын әр азамат,қазақ халқының тарихын,мәдениетін болашаққа аманаттап жеткізуі парыз деп есептеймін.Егер өз еліңнің өткенін білмейтін,қадіріне жете алмайтын ұрпақтар болса,онда біздің болашағымыз бұлыңғыр.Қазақ елінің әрбір жері,әрбір бұрышы тарихқа толы.Ауыз толып айтарлықтай тарихымыз бар екені айдан анық.Бірақ,біз сол ата-бабаларымыздан аманат болып қалған тарихты қаншалықты жақсы білеміз?”Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы тарих сахнасынан ойып тұрып орын аларлықтай,бастамаларға толы.Түркі әлемінің бесігі болған,Сақ пен Ғұнның ізі қалған,қаншама батыр хандарымыздың ерлігіне куә болған ол біздің Қазақ жеріміз.Осы елде өсіп-өңген барша қазақтың бойында мақтаныш сезімі ұялары хақ.Қазақ халқына бұйырған бұл мұрамызда тек Қазақ жерінде ғана емес,төрткүл дүниеге паш етуіміз біздің болашаққа қойған жоспарымыз.Тұңғыш Елбасымыз сол тарихымыздан саралап,даралап,жіліктей етіп бөліп берген Ұлы даланың жеті қырына тоқталып өтейік.
Бірінші қыры-атқа міну мәдениеті.Қазақ халқы ежелден-ақ аттың құлағындай ойнап,аттың қыр-сырын меңгерген.Тарихымызға көз жүгіртер болсақ,ата-бабамыз жазда жайлауға,қыста қыстауға көшіп-қонып,көшпелі өмір салтын ұстанды.Сол кезден бастап-ақ,көшпелі халық үшін аттың рөлі маңызды болды.Жылқыны қолға үйретіп,адамдарға ыңғайлы болуы үшін ертұрман мен үзеңгіні де ойлап тапты.Осының барлығын саралай келе, “атқа міну мәдениетін” біздің ата-бабаларымыз қалыптастырып,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп,осы күнде бұл мәдениет бүкіл жұртшылыққа танылып жатқанын мақтанышпен айта аламыз.Екінші қыры-металлургия.Қазақ елінің жер қоймауында көптеген қазба байлықтарымыз бар.Бұған Менделеев кестесіндегі барлық элементтер дәлел.Қазақ жеріндегі қазба байлықтарды еліміздің игіліне жаратып,оны қайнар бұлағымызға айналдырып,өңдей білген.Көптеген өңдеу әдістерін ойлап тауып,оны іске асыра білген қазақ азаматтарының алғырлығын атап өтпесек болмайды.
Үшінші қыры-аң стилі.Қазақ жұртшылығы кең байтақ дала төсінде еркін өскендіктен,табиғатқа етене жақын.Аң аулау арқылы,өзінің отбасыларын асырап келген.Сонымен қатар,аңдардың терісінен,тісінен әртүрлі бұйымдар,жасаған.Тұрмыстық заттарға да аң стилін,нышандарын бейнелеп жиі қолданатын болған.Аң стилі өнер әлеміндегі ерекше феномендердің бірі болып есептеледі.
Төртінші қыры-Алтын адам.Әлемді дүр сілкіндірген бұл ескерткіш қазақ тарихындағы орны ерекше,тарихқа жаңаша көзқарас қалыптастырған ескерткіш.Бұл алтын киімді жауынгер сол кезеңдегі көсемдерді қалай ұлықтағаны,және де алтын өндірісінің қалай дамығандығының айқын дәлелі.Алтын адам қазақ елі үшін құнды экспонаттадың бірі ретінде сақталып,ата-баба жетістігі ретінде,тарих сахнасынан ойып тұрып орын алары сөзсіз.
Бесінші қыры-Түркі әлемінің Түркі әлемінің бесігі. Ұлы даланың жаңа кезеңі Түркі дүниесі бастауын осы Алтай тауларынан алған. Бұл жерде ежелден қалыптасқан түркі өркениеттері қазіргі Қазақстанның экономикалық, сауда, мәдени, саяси өмірінде өшпес ізін қалдырды.
Алтыншы қыры-Ұлы Жібек жолы.Батыс пен Шығысты байланыстыратын алтын көпір Ұлы Жібек жолының қазақ жерін кесіп өтетіндігін айтып кетсек болады. Сауда-саттық жүргізіп басқа елдермен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызған осы Ұлы Жібек жолы болатын.Ұлы Жібек жолының маңыздылығы мен тарихтан алар орнын келешек ұрпаққа жеткізу мына біздің қолымызда.
Жетінші қыры-алма мен қызғалдақ отаны.Бүкіл әлемге танымал бұл жемістің отаны-Қазақстан.Қазақ жері өзінің қазба байлықтарымен,тарихымен қатар жерінің құнарлығымен мақтана алады.Алманың символы ретінде Қазақстанның қаласы “Алматы” деп аталады.Сонымен қатар,қызғалдақтардың тарихы отаны Қазақстан екені ғылыми түрде дәлелденген болатын.Осындай кең-байтақ,табиғи сыйға ие елде тұрып жатқан біз бақытты жандармыз.
“Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын негізге ала отырып,тарихымызға терең бойлап,Қазақстанның жарқын болашағы үшін керекті құндылықтарды бойымызға сіңіріп,оның дамуына қолдау көрсетуіміз қажет.Мәдениетімізді,әдебиетімізді,тарихымызды оқып,оларды зерттеп жаңа қырларын ашу біздің еншімізде.