Менің роботым – менің досым

Менің роботым – менің досым
жеке
блог

WRO-2022 чемпионaты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды.

Олимпиада төрт санат бойынша өткізіледі: Future Engineers, Robomission (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), Future Innovators (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), RoboSports.

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің намысын 2 команда қорғады.

«My robot» командасының мүшелері — Жанел Жансат пен Өмірзақ Асыл «Future Innovators Elementary» категориясы бойынша жүлделі І-орын иеленді.

Жас новаторлар «TeleDoc» жобасын ұсынды. Аталмыш робот жұқпалы аурулардың таралуына кедергі келтіреді.

- Біздің жобамыздың ерекшелігі роботтың палаталарға кіріп, науқастарға қатаң белгіленген уақытта қорда тұрған таблеткаларды бере алатындығында. Сондай-ақ, мобильді нұсқада диспенсер бар, сондықтан пациенттер дәрі-дәрмекті дереу сумен іше алады. Бұл вирустық аурулардың таралуының алдын-алуға тапсырмас құрал,— дейді Жанель Жансат.

Робототехника мен жасанды интеллект күн сайын әлемді өзгертуде. 2022 жылғы байқаудың басты мақсаты – роботтардың адамзатқа қалай қызмет ете алатындығы және осы ынтымақтастықты қалай қауіпсіз етуге болатындығына байланысты. Командалар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтарды құруы керек.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған және RoboMission, Future Innovators, Future Engineers санаттары бойынша бірінші орын алған командалар 2022 жылғы 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне қатысады.