NIS-те робототехника бойынша ұлттық чемпионат өтеді
жеке
блог

NIS-те робототехника бойынша ұлттық чемпионат өтеді

2022 жылғы 29-30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат жоспарлануда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – WRO олимпиадасының ұлттық үйлестірушісі.

WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналады.

Олимпиада төрт санат бойынша өткізіледі: Future Engineers, Robomission (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), Future Innovators (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), RoboSports.

Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша аймақтан ұлттық чемпионатқа 109 команда жолдама жеңіп алды, олардың жартысынан көбі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас таланттары.

Робототехника мен жасанды интеллект күн сайын әлемді өзгертуде. 2022 жылғы байқаудың басты мақсаты – роботтардың адамзатқа қалай қызмет ете алатындығы және осы ынтымақтастықты қалай қауіпсіз етуге болатындығына байланысты. Командалар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтарды құруы керек.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған және RoboMission, Future Innovators, Future Engineers санаттары бойынша бірінші орын алған командалар 2022 жылғы 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне қатысады.

World Robot Olympiad (WRO) – Халықаралық роботтар сайысы немесе Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы – 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылатын чемпионат. Алғашқы фестиваль 2004 жылы Сингапурда өтті. Бүгінгі таңда олимпиада географиясы 50 елді қамтиды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестіруші ретінде қызмет атқарады.

Басталуы: 2022 жылғы 29 маусым, сағат 12.00-де

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21