Ал сен махаббатқа толы елге сапар шеккің келе ме?

Ал сен махаббатқа толы елге сапар шеккің келе ме?
жеке
блог

« -Мен оларды жақсы көрдім.Бірақ олар маған қарамады.»-деп жазушы романын бастаған. Шығарма кіршіксіз махаббат сезімі арқылы сол кездегі қазақ халқының актуалды мәселелерін ашып,нағыз достықтың қандай боларын көрсетіп,адалдық, патриоттық,адамгершілік деген сезімдерге щақырады.

         Романның басты кейіпкері-Ербол.Іштей ақылды,сабырлық пен момындық,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген азамат.Соғысқа қатысып,аман-есен еліне оралып,Алматыдағы Қазақ университетінің біріне студент болып қабылданды.

         Айтылған 33-ші аудиторияда  отызға жуық қыздардың арасында жігіттерден тек әзілге жаны жақын Жомартбек екеуі ғана білім алған.Курстастардың барлығымен тіл табысып оқуға бірге дайындалатын.Шығармада неше түрлі қызықты оқиғаларды да бастан кешіреді.

 

         Қаншама қыздың арасынан Ерболдың көзі Меңтайға түсіп,бір көргеннен ғашық болады.Осы орайда маған Меңтайдың прототипі қатты ұнағанын айта өтіп,Меңтай жайлы да сөз қозғағым келіп отыр.

Меңтай-жас болса да,өз өмірінде көп қиындықты көрген,ана тәрбиесіне сусындап өскен қыз.Тіпті анасының нақыл сөздерін « Анамның айтқан сөздері»-деп жазып,жинақтап та қойған.Кішкентайынан әкесінен айырылған ол, соғыс азабынан енді оның ағасы қайтыс болды . Баласының өліміне шыдай алмай, анасы да о дүниеге аттанған.Кейінірек ел үшін жан беріп соғысқан ағасының жан досы- Тұмажанның қармағына түсіп қалып,көп уақыт бойы қиналып,өзін жазықты санаған еді.Ерболға «аға,аға»-деп талай көмектескен.Кейінірек екеуінің ортасында  талайымызға үлгі боларлық махаббат желісі жақсы баяндалады.

Сонымен қатар,  Майра,Зайкүл,Заман мен Тана секілді кейіпкерлермен оқиға одан әрі жандана түседі.

Әзілхан Нұршайықовтың бұл шығармасының аса бір қызықты болғаны сонша, редакцияға  романды мақтап еліміздің түрлі-түрлі аймағынан хаттар жолданыпты.Кітаптың соңында жазушы оқырмандардың роман туралы қызықтырған біршама сұрақтарына жауап береді. Қоса кететін жайт, 2019 жылы «Махаббат,қызық мол жылдар»романын негізге ала отырып «Қазақстан»телеарнасы сериал түсіріп,көрерменнің назарына ұсынған еді.

Мен әр жас ұрпаққа осы «Махаббат,қызық мол жылдар» романын оқуға кеңес беремін.Себебі: автор осы роман арқылы анаға деген құрмет пен отанға деген махаббат  ұғымдарын ашып көрсетіп,оқырманды тек жақсылыққа жетелейді.