Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Үш әңгіме

Үш әңгіме

Үш әңгіме

Әңгіме 1

Бүгін радиодан бағдарлама тыңдадым. Толық тыңдай алмаған себептерім бар-тын, сондықтан тікелей эфирге шыққан тыңдармандардың ой-пікірін білу мүмкін болмады. Тақырып - өтірік айту. Иә, кім өтірік айтамын деп андағайласын? Сыпайылығын жиып қойып, құқайын көрсетіп жүрген базардағы халық радио тыңдамайды екен. Тыңдаса қане? Әйтеуір бір жақсы кейіпкерлер жиналып, діндарлығын көрсетіп, ғибратты әңгіме жүргізіп жатыр. Өйтпесін, сөйтпесін дегеннен аулақпыз. Тек, сондағы бір алпысты алқымдап қалған (даусына қарағанда...) атамның сөзі сүйектен өтті. Жүйелі сөз жүйесін тапқан.

"Мен - өтірікшімін!" деп бастады әлгі атай. Неболдыласқан кейіпте құлақ түре қалған біздің көңіл алабұртып, артын күттік. 

- Менің немерем де, балам да, басқасы да біздің тілді (қазақ тілін айтады) мойындамайды. Мені адам екен демейді де ғой!

Сіз не ұғар едіңіз? Не сезер едіңіз? Біз қиын жағдайда қалдық. Рас қой, барлығы демесек те, көбінің қазақ тілін білуге деген ынтасы ырзық әпермей отыр.

Әңгіме 2

Facebook деген әлеуметтік желі бар. Сіз де жақында ғана тіркеліп, данагөйдің қалпында онда ара-тұра жазып тұратын шығарсыз. Сонда да жоғарыдағыдай мәнде жазба оқыдым бүгін. ҚазҰУ-да Халықаралық журналистика мамандығының қазақ бөлімі (қазақ тілі тобышығар) болмай шығыпты. Соған ащынып, кіжініп отырған жазба иесінің сөзі де рас қой. Орыс, ағылшын тілінде бәрі...

Одан қалса, abai.kz-ті ашқаным сол, Қазақ тілі екінші сортты тіл ме? деген мақала бақырайып шыға келді.

 http://abai.kz/content/kazak-tili-ekinshi-sortty-til-me

Әңгіме 3 (артық)

Көлікте үш жігіт отырмыз. 

- "Ақын және жарнама" деген тақырып...

- (Көп ойлар айтылды, ұмыттым...) Қазақ поэзиясының жарнамаға жалынышты болғаны қиын ғой. -

Ендеше, әлемдік деңгейде қазақ поэзиясы қашан...

- Басты нәрсе - талант..!  

Біздің ой - біздің оймақ секілді сандықтың бір бұрышында жатып қалмаса екен дейміз. Басқа дәме жоқ...

 

Сурет: Джумадурда Д. «Ой» иллюстрациясы 


1061 1
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 11 қыркүйек 2012, 00:51
Тегтер: қазақ тілі
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 11:23

Екінші әңгімені оқыдым мен де

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев