Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ауылбайский жазым)))

Ауылбайский жазым)))

Ауылбайский жазым)))

Москва Сочи емес, Сочи Париж емес дегендей, менің жазымды  Эльвираныкымен салыстыруға келмес. Кезекті еңбек демалысымды ұзақ күттім, көптеген жоспарлар құрғам. Алматы қаласына барып, массагет сайтына қонаққа бармақ болып дайындалғам,демалысымның басталуына санаулы күндер қалғанда авто көлігімен келе жатып аздап аварияға ұшырадым. Алматыға жақын күндері бара алмайтын болғандықтан,дайындаған сыйлығымды беріп жібердім.Демалысымның көп күні үйде өткіздім. Көрші балақай бар, күнде ояна салып менің үйіме қарай келеді.Маған көп көмегі тиді, қолқанатым болды.

Оразаның алғашқы күндерінде студентік күндерімнен бері келе жатқан досым өзінің жайлауына алып кетті. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының жайлауында болдым, қазақтың ұлы Абайдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ деген мекенде болдым. Ол жақтағы демалысымнан алған әсерім өте күшті. Суреттеп жеткізе алмаймын, таза ауа, самал жел, тыныштық, түнде ұйықтар алдында киіз үйдің түндігінен асқақ армандармен тәтті ұйқыға кетесің. Таза ауада ұйықтаудың өзі бір ғаниебет қой. (Өкінішке орай суреттер жоқ, ол жақта сеть ұстамайтын болған соң, соткамды үйге тастап кетіп, бір уақыт соткамдыда отпускке жібергем, телефонсыз басында елеңдеп жүрдім артынан үйреніп кеттім.соткасыз демалған күшті екен)

 

Оразаның екінші он күндігінде өзіме білім берген,алғашқы еңбек жолымды бастаған Аягөзіме келдім.

Бұл кезде гипстен құтылғам. Аягөздегі достарымды көріп бір мауқым басылды, бала күнгі достарға жететін достар жоқ қой.

Аякөз өзеніне барып суға түсіп, ойнап қайттық, балалық шақты еске алып.

 

2000 жылы қыста Қуатпен жатахананың бір бөлмесінде танысып, үш жыл бірге студентік жылдардың қызықты сәттерін бірге өткізіп, айнымастай дос болдық. Амал қанша 10жылдан кейін екеумізді ажал айырды, жатқан жері жайлы болсын деп, ол жайды естеліктерді еске алып үнсіз ғана күрсіну келеді, сағына еске алып. Қуат мен үшін аға, бауыр, дос,әкемдей ардақ тұтқан жандардың бірі болатын. Қуат деп дос болып жүріп көп нарселерді түсіндім, (кейінірек Қуат жайды тоқталам, жеке жазба етіп) бала кезден ауыл өмірін көрсем екен деп армандайтынмын, ол арманыма қол жеткізген осы досым болатын. Әр каникулды Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында өткізетінмін.

Міне жолым түсіп, досымнын үйіне құран оқытып қайтым, біраз күн демалып, ауылдың ауасын жұтып, ауызашарда болып, ерекше бір сезімді сезіндім, біз жақта ауызашар үнсіз келіп тамақ ішіп, ақырын сөйлеп жаңалық айтканды ғана көріп жүрген басым, ауылдың алты ауызынан салиқалы әңгіме естіп, уағыз тыңдап рухани азық алып қайттым. тау басына шығып еркін тыныстап, жүректің күйін шертіп, көңілдегі ойларды ой елегінен өткізіп, сол таудың басында наққа жіберетіндерді наққа жіберіп, басымдағы ойларға, алдағы жоспарларыма сортировка жасап қайттым, жеңілдеп.

Мынау ауылдың жанынан ағып өтетін өзен, жазғы көрінісі мен қысқы көрінісі.

 

Енді сервис жайында айтарым жаулаудың жағдайын білмейтіндерің жоқ шығар деп ойлаймын.Жайлаудың құртары қандай десеңші, Саржалдың сары қымыздарын айтсаңшы, аузымнан дәмі әлі кеткен жоқ. Бағлан қозының етінен жасалған сірнені жегенде арманда жемегенде арманда)))

  Аягөз қаласының кафелерінің тамақтарындай арзан тамақ әлі көрмедім, қалтаңда болса болғаны бес жүз теңге (негізі базар жақтағыдар көбіне арзан) . Қаланың қай жеріне барамын десеңізде такси құны 200теңге. Былтардан бері үш саябақ ашылды, «Абай» саябағы балалармен қыдыруға қолайлы, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» саябағы орталық «Айғыз» базарының жанынан (базардың әдемі қыздарын кездесуге шақыруға ең қолайлы жер) ғашықтарға оңаша қалуға қолайлы мекен))), халқымыз қашанда қартын сыйлаған халық қой, Аякөз аудандық әкімшілік қарттарымызды да ұмытпай, оларға арнап «Арадагер» саябағын салыпты. Тыныштықта шахмат ойнауға арналған столдарымен орындықтары бар.

 Тарбағатай ауылы шетінен қонақжай тұрғындар тұрады. Әр кісінің жүзінде мейірімділік бар, қонақты құдай күтеді, бұл жақтада қымыз бар екен. Жалпы негізі қымызды дәміне қарай жуас қымыз, бал қымыз деп бөледі ғой, бұл жақта Қалидың қымызы тағы сол сияқты қымыз сатушылардың атымен атайтын күшті қымыздар бар екен,қаланың қымызының жартысы су болып дәмін кетіріп сатады ғой, бұл ауылдың қымыз сатушылары адал екен, бұл ауылды биыл тірек ауылы деген бір байқаума бір шараға қатысуда екен, бұрындары түнде көшеде жарық болмайтын ауыл біршама жақсарыпты. Мен барған үйдегі досымның анасы өте пысық кісі, күнделікті ауызашарға ыстық бауырсағын пысырып,тәтті талқанымен, өзі қуырған бидайын ұсынып жүрді. Таза табиғи тағамдар  жегілерің келсе ауылға барыңдар!

Ауылдың қорадаға қойлары сәлем айтуда қаладағыларға:

 

Бұл жаздағы мендегі ең қызықты жаңалық мен ғашықпын бір сұлуға!

мына бейне баян сіздер үшін,массагеттің гүл қыздары осы клиптегідей әдемі болып бір-бір ауылға ұзатылып инабатты келін атансын!

 

Жазда қой қайырған таяғымды қыпшақтың сары қызы Жазираға бердім

3957 47
Рейтинг: +12

Жазылған уақыты: 10 қыркүйек 2012, 23:39
Тегтер: ауыл, эстафета
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 08:52

ауылда, жайлауда, Табиғат-Ананың құшағында демалғанға не жетсін!?? ;)

+0
11 қыркүйек 2012, 15:15

ештеңе жетпейді ғой ;)

+0
11 қыркүйек 2012, 08:56

Ауылдың қызықтарын жазып ауылымды сағындырып жібердіңіз ғой... Күштіііі қандай. Андай батпақ боп суға түсіп көрмеппін енді :lol: Өзеннің қыстағы көрінісі тіпті әдемііі екен. Қойлардың көздері прям жанып тұр ғоййй))). Ауылдың адамдары қашанда ақкөңіл ғой, ех шіркін ауылыма барып келсем ғоййййййй. Жаздың жаңалығы күшті екен :roll: Ұзағынан болсын!

+0
11 қыркүйек 2012, 15:15

аумин айтқаның келсін))

+0
11 қыркүйек 2012, 09:06

керемет, қойлардың көзін-ай, шіркін)))))))

+0
11 қыркүйек 2012, 15:16

менің көздерім ше)))

+0
11 қыркүйек 2012, 09:17

Қойларыңыздың көздері 3Д не 5Д шығар))))) Ең бірінші суреттегі көршінің баласы дәу жігіт болсын)) Қап-қара болса да сүйкімді, тәтті бала екен. Демалыс жақсы өтіпті. Мен болсам, биыл жайлауға шыға алмадым(((

+0
11 қыркүйек 2012, 15:21

былдырлаған сақау тілдермен адамды өзіне баурап алатын тәтті қылықтары бар))

+0
11 қыркүйек 2012, 09:45

Ал мен ауылыма жете алмай жүрмін, биыл 2 күн-ақ болдым :cry: . Таяғымды сындырмай, басқаға табыстағаныңызға рахмет! :lol:

+0
11 қыркүйек 2012, 15:22

аманатқа қиянат жасамайтың қазақпыз ғой))

+0
11 қыркүйек 2012, 10:18

муахахах тамаша шықты :D

+0
11 қыркүйек 2012, 15:24

сізден мұндай баға алу мәртебе ғой ))

+0
11 қыркүйек 2012, 10:49

:) Қойлардың көзі фонарик болып тұр ғой! Қызық! :)

+0
11 қыркүйек 2012, 13:08

Сіздің туркияға қателеспесем барғаныңызды білем, сіз туралы көп білгім келеді, жазбаңызды асыға күтем

+0
11 қыркүйек 2012, 15:28

Түріктермен Дениздің соңғы сериасына түскен соң, бірақ шығады екен жазбасы))

+0
11 қыркүйек 2012, 15:25

ауылдың жаңадан шығарған фонарикті қойлары ғой)))

+0
11 қыркүйек 2012, 11:24

Керемет! Таза ауа, табиғатқа қарап-ақ адам демалады ғой.

+0
11 қыркүйек 2012, 15:29

таза ауаның өзіндік қасиеттері ғой)

+0
11 қыркүйек 2012, 11:30

Қойларға сәлем бізден де :lol:

+0
11 қыркүйек 2012, 13:38

Тарбағатай менің туған ауылым ғой, Қуат деген Қуатай емес пе?

+0
11 қыркүйек 2012, 15:31

Тарбағатайдың тарландарының бірі екенсің ғой.иә Қуатай, танушы ма едің?

+0
11 қыркүйек 2012, 17:25

Ия, Семейде өрт сөндіру қызметінде істейтін марқұм. Жақсы жігіт еді, Алмас ағамның ең жақын досы.

+0
11 қыркүйек 2012, 14:08

Алматыға келгеніме 1ай да болған жоқ, мен болсам сағынып жүрм, өзенді көріп өзіміздің ауылдың іргесіндегі Талас есіме түсіп кетті, әрине, тау жоқ енді бізде)) Қойлар ваще сағынышымды күшейтіп жіберді ғой, ауылда қойларды кешке қамаған соң, көздеріне фонарик жағып қарап мәз болып өзімізше кайф алатынбыз. Сол кезде аңғармаппын, ондай көріністерді көру бақыты кейбіреулерге бұйырмайды да екен ғой..............

+0
11 қыркүйек 2012, 15:28

Ауыл кеші-тамаша

+0
11 қыркүйек 2012, 16:18

шіркін-ай Иісін айтсаңшы, рақат иіс кеп жатыр да маған))

+0
11 қыркүйек 2012, 16:58

Оу, мырза, Сіздің компыңыз джынды ғой, иіс шығаратын :D

+0
11 қыркүйек 2012, 17:00

жоға, терезе ашық тұр еді сол моумент. ал сыртта...))

+0
11 қыркүйек 2012, 17:00

ал сыртта???)))))))))))))

+0
11 қыркүйек 2012, 17:01

мал қора бар еді да))

+0
11 қыркүйек 2012, 17:57

:lol: :lol: :lol:

+0
11 қыркүйек 2012, 22:05

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
13 қыркүйек 2012, 10:06

Қойлар әдемі түсіп қалыпты :D

+0
16 қыркүйек 2012, 15:44

әдемі қыздар көретін болғасын әдемі түскен ғой)

+0
13 қыркүйек 2012, 19:53

2010 жылдың қысында Аягөзге іссапармен барған едім. Далада қырық градус аяз. Мен жатқан "Бекжан" деген қонақ үйде отопление жөн жылы ғана. Түнімен ұйықтай алмай қиналып шыққам. Көрпенің астында курткамен жатып, капюшонмен )))) Таксиі шынымен тамсандырды. Жүз теңге, жүз елу, екі жүз теңге )) Базарын, мешітін көрдім. Мешітте танысқан бір аға мені үйіне алып барып, ет асып, қонақ қылып күтіп жіберген еді. Аягөзде қырық градус аяз кезінде болсам да әлі күнге дейін жылы сезіммен еске аламын ))

+0
16 қыркүйек 2012, 15:46

"Біржан" болар қонақ үйдің аты? өткенде ертерек хабарласқаныңда, Аягөз тағы да бір рет өзінің қонақ жайлығын көрсетер еді)))

+0
16 қыркүйек 2012, 21:37

Иә, Біржан болуы керек. )) Темір жол вокзалының маңайында.

+0
16 қыркүйек 2012, 21:42

иә онда "Біржан", хабарламаларыңды бір тексерші



+0
16 қыркүйек 2012, 21:58

Қандай хабарлама?

+0
16 қыркүйек 2012, 22:02

осы массагеттегі жеке парақшандағы хабарламаларыңды.

(админдер хабарлама келгенің білдіретіндей бірнәрсе жасасаңдаршы)

+0
13 қыркүйек 2012, 19:54

Аягөздің қойлары Терминатор екен :D

+0
13 қыркүйек 2012, 21:27

Бірінші сурет ұнады, бір қарағанда оғаш көрінгенімен, қара баланың өз сүйкімділігі көрініп тұр. :) Тұрысынан сооол :D

+0
16 қыркүйек 2012, 15:47

қара баланы күшті еркелетіп қойыпсың ғой))

+0
14 қыркүйек 2012, 20:40

Шіркін.... Аягөзге бармағалы қай заман.....суреттерді көріп, нағашы жұртымды сағындым!

+0
16 қыркүйек 2012, 15:48

Мен бүгінде Аягөздемін деп сізді қызықтырайын ба))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев