Қазақстандағы Ислам діні

Қазақстандағы Ислам діні
жеке
блог


Қазақстандағы Ислам діні

Қазақстан ол Орта Азия мемлекеті ретінде қалыптасып Ислам дінін ұстанушы мұсылман мемлекет қатарына енеді. Сонау кезінде ата-бабаларымыздың кезінен,көне түркі кезеңдерінен белен алып тарала бастаған Ислам дінінің Қазақстандағы жағдайы.Осыған тоқтала кетсек Ислам діні Қазақ еліне байырғыдпн жанымызға рухымызға тән Дініміз.Қазақ елі Ислам дінімен тығыз байланысты яғни бір Аллаға сенуші ретінде таныламыз. Қазақстан Республикасында қоғам негізінен дәстүрлі дінге тарихи және мәдени тұрғыда сунниттік ислам (Ханафи мазхабы) ретінде таралған. Орталық Азия мен Қазақстан аумағына мұсылмандықтың таралуы шамамен б.э. VII-VIII ғасырына тура келеді. Қазіргі Қазақстандағы Ислам, әлеуеті жоғары, ол қоғамда руханилықты дамытатын және қолдайтын дін ретінде сипатталады. Қазақстандағы дәстүрлі ислам елдің әр өңірлерінде филиалдары бар республикалық исламдық діни бірлестік мәртебесіне ие Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арқылы басқарылады. Ислам діні өнегелік ағарту мен тәрбиенің маңызды факторына айналуда. ҚМДБ Қазақстандағы ислам дінін қайта жаңғыртуды жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Отандық мұсылман қоғамының дамуын қамтамасыз ете отырып, біздің қоғамның рухани негізін қалпына келтіруге Мүфтият белсенді қатысуда. Мүфтият дінаралық диалог мәселесі бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруда.
Мұсылмандар жамағаттарының саны өсуде, мысалы: 1991 жылы олардың саны 68-70 құраса, 2000 жылдардың басында 1500 болды, ал 2014 жылы ислам бірлестіктерінің саны 2404 жетті.
Мешіттер мен тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, жөндеулерден өтті; жаңа ғибадат ғимараттары мен медреселер тұрғызылды. Қазіргі уақытта елімізде 2404 мұсылман ғибадат ғимараттары жұмыс істеуде.
Ислам діні қазақ халқының өзіндік діни және мәдени қалыптасуының негізгі қайнарының бірі болды. Қазақстанда Ислам діні өркендеуде оның бір дәлелі 2022жылы Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір Мешіт бой көтерді.Және де Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет болғандықтан онда көптеген ұлттар бар және солардың ішінде басқа ұлттар Ислам дінін қабылдауда міне осының бәрі Қазақстандағы Ислам дінінң дамуы өркендеуіне дәлел.Осылайша Қазақстан Республикасындағы Ислам дінінің қазіргі жағдайын қысқаша айта кеттім.


Б.Жандос әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
www.kaznu.kz
Жетекшісі ҚазҰУ аға оқытушысы Мұқан Нұрзат.