"Әнжұмбақта" арнайы қонақ

"Әнжұмбақта" арнайы қонақ
жеке
блог

«Әнжұмбақ»-та бағын сынауға Тараз қаласынан арнайы ат терлетіп дәстүрлі әннің саңлағы Сәуле Жанпейісова келді. Сәуле апамызға қарсы топта әнші  Алма Аманжолова өнер көрсетті.

     Сәуле Жанпейісованың тобы өз әріптестерінен құралса, ал Алма Аманжолова ойынға өз отбасымен келуді жөн көріпті.

    Дәстүрлі ән өкілдеріне алғашқы айналымдағы заманауи, жаңа әндерді  табу қиындық тудырғанымен, екінші айналымда жасырылған  халық әндері көңілдеріне майдай жақты.

     Үшінші айналымда мақал айтуда екі топ та асқан жылдамдық танытты. Тіпті, берілген уақыттың өзі мақалшыларды тоқтата алмады.

     Шешуші кезеңде Құдайберген Бекіш ағамыз жасырған, жеңімпаз әнді дұрыс тапқан, жеңімпаз топты білуге асығыңыздар. «Қазақстан» ұлттық арнасында, сейсенбі күні, сағат 15:20-да.