Қазақ қызының тәрбиесі…
жеке
блог

Қазақ қызының тәрбиесі…

Қазақ қызына берілетін тәрбие қаншалықты қатаң?

 


Қазақ халқы үшін, қыз баласы қашанда асыл қазынамен тең болған. Қыздың тәрбиесі, оның жүріс-тұрысы, қыздың ары елдің ары деп саналған. Сондықтан да, “қызды қырық үйден тию” деген қағида ұсталған.  Бұл сөздің мағынасы өте терең.  Мұнда әрбір қызға тыйым салынған 40 әдеп туралы айтылады. 

 


Менің ойымша, қазақ қызына берілетін тәрбие қатаң болғанымен, оның көрер жемісі өте керемет.  Мәселең, 21 ғасыр деп, қазір көп нәрседен тиым салынбаған күннің өзінде, кейбір славяндық қыздармен салыстыра отырып, еліміздің қыздарының түбінде қазақилық аңқитыны шын қуантады. 

 


Қатаң тәрбие арқылы қыздың ар-ұятын сақтауға, қадір-қасиетін түсініп, әркімнің бір қолжаулығы болмайтындай намысты бойына сіңіреді деп білемін. Ерте бастан әкені асқар таудай биік көруді ұғындыра отырып, ертеңгі өз шаңырағындағы отағасының да мәртебесін әкесіндей көруге астарлайды.  Әкесін қадірлеп, ас суын анасымен қатарласа дайындап, әкесіне еркелеп өскен қыз, ертең инабатты, иманды, әрі жарына қылықты келіншек болары сөзсіз.  Сондықтан да, қазақ қыздарына берілетін тәрбие қаншалықты қатаң болса да, болашаққа берер тәлімі көп деп білемін.