Достық әлде Махаббат?

Достық әлде Махаббат?
жеке
блог

Қыз бен жігіт арасында ДОСТЫҚ БАР МА?

 


Өмірде қойылатын жиі,әрі қиын сұрақтардың бірі. Себебі, әр адам үшін ой әртүрлі қалыптасқан. Тіпті, бұл жерде әр адам деп айту қиын. Бәлки, бұл белгілі бір екі жанның арасында болып жатқан кезеңнен сипатталар. 

Нақтырақ айтар болсам, жігіт пен қыз ортасында шынайы тек қана достық қарым-қатынас болуы әбден мүмкін. Оған өз басым 100% кепілдік бере аламын. 

Ал, кейде жігіттің қызға, қыздың жігітке жасырын сезімі болуы да , әбден мүмкін. Меніңше ол табиғи құбылыс. Таңғалатын дәнеңе жоқ. Себебі, сен бір адаммен өміріңнің қызықты да,қиынды сәтін бірге өткізіп, бауыр басып қаласың. Ол адам саған былайынша айтқанда “Комфорт” туғызатын жанның қатарынан табылады.Соның әсерінен кейде махаббат сезімі туындап жатады. Ондай сәтте екі жақтық сезімді қарастыра отырып, ортақ шешімге келу дұрыс деп ойлаймын. 

 


Сонымен, сұрақтың нақты жауабы жоқ. Тек қисыңы қиын, таптаурынды тағдырдың авторларына байланысты.