ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
жеке
блог

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

«Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Кудеринова Айгерим Мерекеевна ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму қарқыны, заманауи құрылғылары, балалардың қажеттіліктерімен маңыздылығы жайлы сұқбатта:

Елімізде  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту бойынша қандай жаңа ұсыныстар, бағдарламалар енгізілді?

ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес ҚР Әділет министрілінің 2022 жылғы 24 қаңтарда №26618 нөмерімен ресми түрде тіркелген болатын. Мәселен, заңда ерекше білім беру қажеттіліктері, білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға білім  беру бағдарламаларын меңгеру, жеке дамыту мен түзе-дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, технологиялық, әлеуметтік және өзге де көрсетілген қызметтерді қамтиды. Тағы бір айта кетерлік өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес ҚР Әділет министрілінің 2022 жылғы 18 қаңтарда №26513 нөмерімен білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы заң ресми түрде күшіне енді. Демек, ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, дамыту, әлеуеттендіру үшін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жағдайлар жасауды қамтиды.  «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгерістерге ұсыныстар жіберілді. Қазіргі таңда заңға толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ал, бағдарлама жайлы айтатын болсам, «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасы» бекітіліп, жүзеге асуда. Жол картасы аясында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер беру мен әдістемелік көмек көрсету, әлеуметтік қорғау оңалту орталықтарының желісін кеңейту, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үстінде.

-         Орталықтың басты мақсаты қандай?

Қазақстан Республикасында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және түзете-педагогикалық тұрғыдан қолдау жүйесін құрып, жетілдіру мақсатында ғылыми, нормативтік, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін дайындап, апробациядан өткізу және енгізу.

-         Орталықта қандай да бір кеңес беру жүйесі енгізілген бе?

Иә, әрине мәселен, жыл сайын  «Оңалту және технологияларды енгізу» бөлімінде (ОжТЕ) ерекше қажеттіліктері бар балалар кешенді түрде психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмек алады. 0-ден 1 жасқа дейінгі балаларға ата-аналар үшін айына 1-2 рет жеке дамыту бағдарламасына сәйкес консультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Ерте жастағы балалар үшін (1-3 жас) ата-аналардың қатысуымен жеке және топтық сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ, тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді. «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі №595 бұйрығына сүйене отыра  арнайы мекемелердің (арнайы балабақшалар, арнайы мектептер, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер, оңалту орталықтар) қызметін үйлестіру жұмыстары мен әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді.

-         Алдағы таңда балаларға инклюзивті білім беру бағытындағы волонтерлікті қолға алу жоспарларыңызда бар ма?

Өздеріңізге мәлім, қазірде жалпы жаһанда волонтерлік қызмет күн санап дамып келеді. Оларға арналған түрлі шағын гранттар, байқаулар, бағдарламалар енгізілді. Волонтерліктің 12 бағыты  бар, соның ішінде «Birgemiz: saylyq» бойынша жұмыс жасау жоспарымызда бар, ақырындап бастап келеміз. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, балаларға психологиялық көмек көрсету, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамға бейімдеу. Алда Алматы қаласындағы волонтерлік қозғалыстармен бейресми кездесулер өтетін болады. Басты мақсатымыз орталықта волонтерлік қызметті дамытып, қоғамдық жұмыста белсенді болуға шақыру.

-Сұқбат бергеңізге рақмет!