Қызылорда қаласы логотипінің геральдикалық нышандары

Қызылорда қаласы логотипінің геральдикалық нышандары
жеке
блог

Геральдика мәні мемлекет мекеме және тағы басқа символдық белгісі- гербтің анықтау болып табылады.Гербтің басқа символдардан айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуында.Түрлі символдық белгілер немесе эмблемалар ежелден-ақ пайдаланылған. Мұндай айыру белгісі XI-XIIғ Гербтерге айналды.

   «Сыр-Алаштың анасы».Күллі қазақтың астанасы болған жердің тарихы өте тереңге бойланған.Сыр өңірі Қорқыт бабаның,Жанқожа мен Бұхарбай сынды батырлардың,ғұлама Тұрмағамбеттің,ақын Әбділда мен Нартайдың және көптеген дарынды перзенттердің туған өлкесі.Қазақ елінде ойып тұрып орын алатын қасиетті жер.Ал облысымысдың логотипі өте ерекше және түрлі геральдикалық нышандармен әспеттелген.

    Қызылорда облысының логотипі аймағымыздың түрлі ерекшеліктерін көрсетеді.Қақ ортада тұрған Қорқыт ата кесенесі сәулет өнерінің айрықша үлгісі.Қобыздың атасы болып саналатын Қорқыт ата барлық қазақ үшін орны бөлек тұлға. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Бұл ескерткіш кешен күллі түркі халықтарына ортақ қасиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.

   Гербтің жоғарғы жағындағы зымыран Байқоңыр ғарыш айлағы екендігі сөзсіз.Ғарышкер Тоқтар,Талғат,Айдын ағалрымыз осы өңір арқасында аспан мен жер арасын жалғаған болатын.Жалпы қазақтың атын шығарағн киелі жер.

    «Сыр күріші – ел ырысы» деп бекер айтылмаса керек.Сыр өңірінің берекесі болып табылатын асты қызылордалықтар ерекше құрметтейді.Сырдария өзенінің бойында жайқалып өскен күріштің қазіргі таңда бірнеше сорты бар. Мұнда жыл сайын сан мыңдаған тонна күріш өндіріліп, ел ырысына айналуда. Ақ күріштің атасы, атақты диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев күріш өсіру туралы үлкен мұра қалдырған абзал адам.

    Қызылорда қаласының басты ерекшелігі салт-санасы,әдет-ғұрпы, дәстүрлері берік сақталғандығында.Шаһардың тұрғындары жайдары да көңілді.Жыл сайын гүлденіп келе жатқан аймақтың сәулет өнері де ерекшеленді.  

    Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.Көпжылдық тарихы бар қаланы келесі ұрпаққа аманаттау біздің борышымыз.