Армансыз күнім болмайды...

Армансыз күнім болмайды...
жеке
блог

Кеудеңде ыстық қан барда,

Боларды да, болмасты

Болады деп АРМАНДА!!!

        Армандап жүрмін. Иә, иә, армандап жүрмін. Нені дейсіз ғой?! Бәрін! Сабақта отырсам да, үйде жүрсем де, жолда болсам да түрлі ойлардың жетегінде жүремін қиялдааааап. Бұрын( 2-3 жыл артта)көк аспандағы аппақ бұлттарға қарап,сол бұлттардың арасында жүрсем ғой дейтінмін...Қазір ол арманым жүрегімнің түкпіріндегі  орнында тұр, орындалмайтын нәрсе болса да, ол менің кіршіксіз аппақ арманым болып қала береді...

Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарын оқыған боларсыздар:

Мәңгi лаулап жану үшiн ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшiн ғаламда,

Үлкен болып қалу үшiн ғаламда,

Үлкен АРМАН керек екен адамға!

        Армандаңыздар! Армандар мақсатқа жетелейді, мақсат айқын болса, орындалатыны сөзсіз. Тек армандарыңыз адастырмасын!!!