Әзілкеш Марат Оралғазиннің керемет мысалы
жеке
блог

Әзілкеш Марат Оралғазиннің керемет мысалы

Әзілкеш Марат Оралғазиннің керемет мысал келтіріп, бәрімізге сабақ болатындай үн тастады. 

Ол әдеттегідей стористе әзілге толы сурет жариялап, желі оқырмандарына жақсы таныс #боптұрад хештегімен фотосурет жариялады. Суретте Жәнібек ханның ескерткіші бейнеленген. Ондағы жазуда "ЖӘНІБЕК ХАН 1473-1480" деген жазу бар.

"Атам 7 жасына дейін біраз тірлік жасап тастаған ғой сонда" деп әзілдейді. Осы кезде оқырмандары бұған қатысты "Масқара", "Сұмдық" десіп, пікір жаза бастайды. Артынша әзілкеш екінші сурет жариялап, онда ескерткіштегі жылдар туған және қайтыс болған мерзімі емес, хан билік құрған мерзім жазылғанын түсіндіреді.

Ал енді қараңыз: "Бір қарағанда көбісі қате деп ойлар. Негізі бұл туған-қайтқан жылы емес, билік құрған уақыты. Просто бір ракурс, бір кадр. Ар жағындағы композицияны, тақырыпты толық көріп тұрған жоқпыз. Сондықтан: Әр ақпаратты жан-жақты зерттеп, содан кейін ғана қорытынды шығарайық. Толық картинаны көрмей, пікір қалыптастырмайық!" - дейді ол.

Осылайша, Оралғазин оқырмандарын кез келген ақпаратқа сене беруге болмайтынын, сыни көзбен қарау керегін ескертеді. "Іштей прокурор болып қана қоймай, адвокат болып көріңіз. Тек сосын үкім шығарыңыз" дейді.

Ал бұдан кейін әзілкеш бұл ескерткіштер қатарындағы басқа хандардың билік құрған емес, туған-қайтқан жылдары жазылғанын, сондықтан бұл ескерткіштер композициясында қате бар болуы мүмкін екенін ескерткен хатын жариялайды. Демек, эксперимент жалғасын тапқан :) Қайтсек те, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - әр нәрсенің түбіне жетіп саралау керек.

Керемет әрі қарапайым мысал! Әсіресе журналистер осыны ескерсе дейміз. Ал әзілкешке пайдалы ақылына алғыс дейміз.