Көңілім толмайды

Көңілім толмайды
жеке
блог

Соңғы уақытта өз өзіме көңілім толмай жүр. Істегін жұмысыма да, сүріп жатқан өміріме де көңілім толмайды. Көп нәрседен қалып бара жатқандаймын. Өз замандастарымнан бір көш алыста сияқты әсердемін. Бір пайдасыз тіршілік иесі секілдімін. Әлде қанағатсыздық па… Білмедім…

Қазір өткен өміріме қарасам, көп нәрсені істемеппін. Жасаған тірлігімнен жасамағаным көп екен. Жақын-жуықтарыма да пайдам тимепті…

Бәріне тәубе деп отыру да дұрыс шығар. Бірақ адамзат баласы әрқашан қанағатсыз ғой, “Кедей бай болсам, бай құдай болсам деп армандайды” демекші.  “Өзіме өзім көңілім толады, мен мынаны істедім” дейтін күн қашан туар екен … Ей, Аллам, ең бастысы, тура жолдан тайып кетпесем игі… Тайдыра көрме…! Тілегім...