Пластиканың құрбаны болғыңыз келмесе...

Пластиканың  құрбаны болғыңыз келмесе...
жеке
блог

Блефаропластика – қабақ пен  көздің пішінін өзгертетін операция. Хирургиялық араласудың бұл түрі артық тері мен майлы түзілімдерді кесу үшін арналған. Ол жоғарғы және төменгі қабақтың терісінің асып кетуі, қабақтың «майлы қапшықтары», көздің төменгі бұрыштарының төмен түсуі, көздің кесілуі және пішінінің өзгеруі сынды белгілері бар адамдарға жасалуы тиіс. Солай ғой, бірақ қазір оны эстетикалық сәнге айналдырған жастар да істей береді. Зияның білмей, медициналық пышақтың астына жатып, сан соқтырып қалатындар да аз емес. Мысалы,
Ақтөбелік 50 жастағы әйелдің сұлулық салонындағы жоғарғы блефаропластикалық отасы сәтсіз аяқталған. Нәтижесінде ажардың сәнін кетіретін тыртықтар қалып, қабағы салбырап кеткен. Барлығын түзету үшін ол үшінші рет пышақтың астына түсуі керек. Өкінішті, әрине. Жас келген соң, оларда 18 жасар қыз ұқсап сұлу болып жүргісі келеді ғой, сірә, дерсіз. Иә, әрине. Ал арты еш жақсылыққа әкелмейтін жасанды сұлулықтың алдын қалай алуға болады?

 

Дастан Рахат. Көз аурулар қазақ ғылым-зерттеу институтының резиденті:

Операция кезінде артық тері мен май - көздің табиғи қатпарларын кесу арқылы жойылады. Блефаропластика ауруханада жалпы анестезиямен жасалады. Ұзақтығы - 2-3 сағатқа дейін. Оңалту кезеңі 10-12 күннен. Кейін ай сайын маманның қарауында болу қажет. Қазір көбі еуропалық көз пішіндерін идеал санайды. Сондықтан елімізде бұл отаны істететін жандардың саны артып жатыр. Оған қоса, қазір бұған жүгінетін пациенттердің жас көрсеткіштері жыл санап төмендеуде.  Әрине, бұл индивидуалды түрде істелетін операция. Бірақ, ішкі комплекстердің кесірінен немесе тренд қуып, табиғи сұлулықты құртпаған жөн. Ал, сізге мұндай жасанды сұлулық керек болса, тек тексерілген медициналық орталықтарда, өз ісін жақсы білетін мамандарға істетіңіз,-дейді Дастан Рахат.

 

 Жаратушы сыйлаған хас сұлулықты бір ине мен пышақтың құртуына немесе түзеуіне сіз ғана себепкер бола аласыз. Ал егер мұндай операцияларды істеуге бел бусаңыз, тек ақылмен жеті ойлап, бір істетіңіз.