"Жастар Отанға!" жастар саяси лагері - ұшқыр ойлы жастардың ордасы!

"Жастар Отанға!" жастар саяси лагері - ұшқыр ойлы жастардың ордасы!
жеке
блог

Тамылжыған тамыз айында "Нұр Отан" ХДП-ның 2012 жылға арналған республикалық желілік кестесіне сәйкес "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен жер шоқтығы - Бурабайдың баурайында орналасқан "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында "Жастар-Отанға!" жастар саяси лагері өткізілді. Лагерьге республика бойынша барлық деңгейдегі "Жас Отан" ЖҚ Атқарушы хатшылары қатыстырылды. Осы лагерьге шақырылған біздер үшін - алдағы күндер қызықты болжамдармен қол бұлғады, рас. Жұмыстың әлегімен әупірімдеп жүріп, әйтеуір "О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген,тастары жиған жүктей текшелеген?!" деп жырлатып табан тіредік, тарихи мекенге. Тариғи өлкенің табиғаты мен сұлулығы, жұмбағы мен жаратылысы өз алдына ұзақ та қызықты әңгіме. Қазір мен "Жастар Отанға"" жастар саяси лагерінен алған әсеріммен бөліскім келіп отыр...

Саяси лагерь жалпы алып қарағанда жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Солай деуге толық негіз бар. Біз барған 2-ауысымда Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының 150-ге жуық жігерлі де жалынды жастары болды.

Ең бірінші әр аймақтан келген әрбір жасты бір-бірімен тіл табыстырып, тәжірибе алмастырудың жолында ұйымдастырушылар тиімді жүйе қолдана білді. Біздерді әр аймақтың жастарымен 6 топқа бөліп, күнделікті берілген тапсырманы орындау, тренингтерден өту жұмыстары бойынша рейтинг жарияланып тұрды. Еліміздің байрағына қарап, Әнұранын тыңдап алып, сағат 8.30-да таңғы жаттығудан басталған бір күн - түнгі 23.30-да сол күннің анкетасын толтырумен аяқталады. Әрбір жастың уақытын тиімді өткізуі үшін әр минут бағдарланып, кесте құрылған. Алға қойған мақсатқа жету жолдарын, қоғамға жаңашылдық идея енгізу жобаларын іске асыру үшін зертханалық жұмыс пен топпен жұмыс атқару, ұйымшылдық мен ауызбіршілікті ұстанып, әрбір мәселеге дұрыс тактика қолдану мақсатында ұйымдастырылған түрлі тренингтер бізге өте көп нәрсені үйретті, сабақ болды. Арасында Астанадан ат басын бұрған лауазымды тұлғалармен, халық қалаулыларымен ой бөлісуге де мүмкіндік туды жастарға.

    Біз тобымызды "Ұлы Қазақ" деп атап, топ мүшелері "сен тұр, мен атайындап" еңбек етті. Сайдың тасындай жігіттер мен қыздар түрлі жобаларымызды ұйымдасырушыларға ұсынып, тренингтерден өтуде алдарына жан салмады. Нәтижесінде лагерьдің соңғы күнінде қорытынды есеппен 2-орынға ие болдық. Мәз болып, марапатталдық.

Рейтингті төмендетпеу жолында осылайша күнделікті жұмыстарымыз жалғаса берді. Зертхана, жоба, тренинг, сахналардағы әр минутымыз құнды болды. Ол жақта көздерінде оты бар, жүрегінде елге деген сезімі бар талантты, сауатты, парасатты жастар өте көп. Қуанамын елімізің ақылды азаматтары көп болғанына, соларды көргеніме, таныс болғаныма.

Осылай Республика жастарының басын қосып, қабілетіміздің дамуына, ой-өрісіміздің кеңеюіне ықпал еткен "Жастар Отанға!" саяси лагерін ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін!

Жаза берсең жетерлік, бірақ суреттерді де сөйлетейін:

Байрағымыз желбіреп,


Әнұран шырқалады...


Алексей Вадимовичтің дәрісін тыңдап, тапсырмасын аламыз...

Гүлмира Амангелдіқызы да білікті маман, жастармен жұмыс жүргізгенде өте тәжірибелі..


"Нұр Отан" ХДП Жоғарғы партия мектебінің басшысымен кездесуден естелік сурет..

Тренингтер өте қызықты әрі жеті рет өлшеп, бір рет кесуді талап етеді...


Спорттық ойындарға да уақыт бөлінген...

"Жас Отан" Жастар қанаты Атқарушы хатшысының м.а Нұрлан Сыдықов лагерьдің жабылу салтанатына қатысты..


Қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті...


Ұйымдастыру алқасының мүшесі Аян Сакошев үздік жоба авторларына сыйлық ұсынуда...

Арасында ұйымдастырушы мырзалар балық аулаумен айналысыпты)).... Ғабиден мен Аян мырзалар..


Үйімізге қайтуға 1 күн қалды, бір үйдің баласындай болған бір топтағы достар қимастықпен көздің жасын сығып алды..


"Балдәуренге"  бауыр бастық, қимаймыз, бірақ хош айтамыз...

Ақ жол тілеп, достарды шығарып салудамыз..

Эххх, онда бәрі көңілді еді.....

Хош Бурабай, кездескенше достар, рахмет "Жас Отан"!