Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
жеке
блог

Іс-сапармен Европаға жол тартып, екі аптаны артқа тастап, кең-байтақ қазақ еліне аман-есен жеткен болатынмын. Өкінішке орай, қайтар жолда суықтап қалып, келген бойда дәрігерге қаралдым. Ол қалқам маған дұрыс диагноз қоймай, берген дәрілері бойдағы дертті одан әрі асқындырып жіберген. Не керек, үш күн әбден қиналып, жаным шыққанда жедел жәрдеммен ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ол жақтағы ақ халатты абзал жандар менің жанымды сақтап қалуға бар ем-домын жасады. Осылай аяқ асты есімнен адасып, есеңгіреп қалдым. Артқа талай күндерді тастап, аман-есен жұмысыма кірісуге бел буып едім, оған дәрігерлер әзірге рұқсат бермей жатыр. Аурухана тәртібіне үйреніп алыппын, әлі айыға алмай келемін. Бір түрлі жаман екен.

Сонымен, Мадиярлар елінде екі аптаға жуық уақыт болып қайттым. Сапар маған өте қатты ұнады. Бұл сапар менің өміріме деген көзқарасымды өзгертті, талай сұрақтарға жауап тауып берді, талай жұмбақтың жауабын шешуге көмектесті.

Сапарым жайлы жазбаларымды қалай бастайтынымды, не жазарымды білмей отырғаным. Сондықтан да, сапар жайлы бөлек-бөлек жазуды шештім. Әр жазбам белгілі тақырыпқа арналатын болады. Айтарым көп. Әзірге осыны қанағат тұта тұрыңыздар.

Ауырмаңыздар, достар! Сіздерді өз жұмысына алғашқы дәрігер сияқты салғырт қарайтындардан сақтасын. Құдай бастарыңызға бермесін!