Жаңа маусымда - жаңа «Әнжұмбақ»

Жаңа маусымда - жаңа «Әнжұмбақ»
жеке
блог

Қазақстан Ұлттық арнасында аз уақыттың ішінде көрермендердің  көзайымына айналып үлгерген «Әнжұмбақ» теледуманының екінші маусымы басталды.  Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршап келгенде, сізді біздің арнада «Әнжұмбақ» сазды бағдарламасы күтуде. Бағдарламаны көріп, көңілді ойыннан ләззат алыңыз. Бізбен бірге ән шырқап, ән емтиханын бірге тапсырыңыз.

     Жұбаныш Жексенұлы танымал әншілердің музыкалық білімін тексеруін жалғастыруда. Жаңа маусымда көрермендерді тартысты ойынмен қатар сүйікті әншілері және танымал әндер күтуде. Сіздерді «Меломен» тобы, «Қоңыр» тобы», «Заман» тобы, «Мұнарлан» тобы, Cаят Медеуов, Арман Дүйсенов, Есен Елеукен, Қалқаман Сарин, Данагүл Темірсұлтанова, Әлішер Кәрімов, Марат Ілиясов, Ақжол Мейірбеков сияқты танымал эстрада жұлдыздарының ойындары күтуде.

   «Армандар орындалады» демекші, Қызылорда облысынан хат жолдаған көрермен Қымбат Саймағамбет біздің жобаға қатысуға қалай жолдама алды? Ұстаздан шәкір озды ма, озбады ма? Танымал композиторлар неге өз шығармашылығындағы әнді таба алмады? Танымал топтар өз әндерінің авторларын неге білмей қалды?

    Осы сауалдарға жауапты 3 қыркүйектен бастап, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 15:20  Қазақстан ұлттық арнасынан «Әнжұмбақ» бағдарламасының жаңа маусымын тамашалау арқылы ала аласыздар.