"Елім менің" - ел патриоттарын анықтайды...

"Елім менің" - ел патриоттарын анықтайды...
жеке
блог

        «Елім менің» думанын көріп – өз елін танып үлгерген патриоттар, асықпаңыздар, қызық әлі алда! Жаңа маусымда жаңа жаңалықтар! Жаңа қатысушылар, жаңа сұрақтар! Нағыз патриоттарды анықтайтын сынақ қиындау үстінде! Бұл сыннан кімдер өтті?

          Ескендір Хасанғалиев, Сауық Жақанова, Ермахан Шайхы, Арыстанбек Әбілов, Марат Мәзімбаев, Аян Өтепберген, Меруерт Түсіпбаева, Бақыт Жұматова,  Лұқпан Жолдасов, Сара Тоқтамысова, Қанат Әлжаппаров сияқты қатысушылар біздің сыннан мүдірмей өтті.

          Мөлдір Әуелбекова көрермендердің алдында жаңа қырынан ашылуда. Жүргізушілік шеберлігін шыңдап жүрген жұлдызға сұраныс та көбеюде. Ал, Мұрат Қожа мен Қаракөз Тілеубекова өз топтарына көмек берудің жаңа әдістерін тапты. Қай топбасшы жеңіске жетеді екен?

          Көріпкел Бақыт Жұматова барлық сұрақтың жауабын қайдан біліп қойғанын немесе Қанат Әлжаппаров ойын барысында кімге пародия салғанын білгіңіз келсе, біздің арнадан алыстамаңыздар!

          «Қазақстан» Ұлттық арнасында патриоттық - ойын-сауықтық  «Елім менің» жобасының жаңа маусымын 2 қыркүйектен бастап,  әр жексенбі сайын сағат 21:30-да көре аласыздар.