ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені

ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені
жеке
блог

 Қазақ ұлттық университеті- мүмкіндіктер мекенім

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бірі. Университет 200 ден астам сала бойынша мамандар дайындайды.
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.Қазіргі кезде университетімізде 16 факультет бар: биология және биотехнология факультеті, журналистика факультеті, география және табиеатты пайлалану факультеті, физика-техникалық факультеті, механика- математика факультеті,халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану факультеті, заң факультеті, философия және саясаттану факультеті, химия және химиялық технологиялар факультеті, филология және әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, тарих факультеті және экономика және бизнесс жоғары мектебі.Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

 

Ақылбекқызы Еңлік 

ҚазҰУ Механика- математика факультетінің 1 курс студенті 

Уразгалиева С.А жетекшілігімен