Жидебай
жеке
блог

Жидебай

Қорық бойы мен Жидебайдың арасын оқшау жаратылған екі Қыдыр, Шұнай таулары алып жатыр. Оразбай мен Есентайдай "жер астынан жік шығып, екі құлағы тік  шығып", бұл жерлерді талай есерсоқ, баукеспелер мекен етті. Әйтсе де әділдіктің арқаны оған үзіліп, құрып біткен жоқ. Оразбай мен Есентай сияқты жаратылыс жаратқан кең дүниені бір өзінен басқадан қыз- ғанатындарға қарама-қарсы Батыр Тәуке Саптыаяқ немересіндей елдің ұлдары да туып өсті. Қазақтың аса  көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіров өзінің "Жолдастар" романында Тәуке батыр туралы әділ бағасын беріген.

Шыңғыс өңірін қаншама аралағанмен Жидебайда болмаған адамның жоғы түгелденбейді. Жидебай - Шыңғыс елі мен жерінің жүрегі. Қазақ жерінің үш алыбы осы Жидебайдан шыққаны қазір әлемге әйгілі, Бұл ортада күні бүгін Абай аға - Жидебайда деген үш сөз халық аузында жатталып кеткен. Біз сол Жидебайдамыз. Жидебайдың ортасында екі дөң бар. Бірі - Абайдың қыстауы, екіншісінде - ұлы ақынның қабірі. Жолдың алғашқы айрығында сегіз метр биіктікте құлпы тастан жасалған діңгек Абайдың қоладан құйылған барельефі - ерекше көз тартады. Абай қыстауы дөңнің үстіне салынған. Шығысында бұрын мал қора болған. Бұл өңірде адам тұратын үйді мал қорасынан бөлген де Абай еді. Мал қорада түнгі күзетшіге арнайы салынған бір ғана үй бар. Дөңнің оңтүстік етегінде бақташылардың үйлері болған. Үйлерді жалғастыра салмай, бөлек-бөлек қатарлай салуды Шыңғыс өңірінде алғаш тәртіпке келтірген де Абай.

Мұражай үй - Абайдың туғанына жүз жиырма бес жыл толуына байланысты күрделі жөндеуден өткенмен бөлмелері де, үйдің сыртқы көрінісі де Абайдың көзі тірі кезіндегі қалпында. Музей үйдің сырты өрнекті қоршаулармен көм- керілген. Қорғанның солтүстік-шығысында саяжай бар. Абай осы орынға жазға салым оңаша отыратын арнайы үй салдырған. Оны бала-шағалары там орнына да пайда- ланған. Қазір ол сол кездегі түрқын сақтай отырып қайта жасалған. Қорған ішінде қорамен жалғас, ағаш бағаналарға сүйенген шатырлы мол орын бар. Мүнда Абайдың күймелі пәуескесі мен тарантасы қойылған. Абайдың музей үйінің терезелері шығыс пен оңтүстікке қараған. Шығысында Орда, оңтүстігінде Жидебайдың мол шалғынды өңірі көрінеді. Солтүстік-шығысқа қараған есіктен ішке кіргенде – ұзын дәлізге кездесеміз.

Дәліздің ең түкпірінде қыста киіз жабдықтары түратын бөлме бар. Сыртқы есіктен кірген бетте үзын дәліздің сол жа- нындағы бірінші есіктен ас - үйге кірдік. Терезесі шығысқа қараған, кең бөлме. Ауызда қазанаспа. Оның ішінде екі казан. Үлкенінде - ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленеді. Қазанаспаның жанында екі самау- рын. Екеуі де Абай заманының ыдыс-аяқтары. Оң жақ босағада асадал мен кішкене кебеже. 1885-жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің Өлке тану музейіне өз қолымен өткізген. Кебеже үстіне оюлы поднос пен ағаш табақ қойылған. Көп заттардың ішінен қабырғадағы түс киіз ерекше назар аударады. Бұл қазақтың ою-өрнегінің аса шебер жасалған түрінен саналады. Ас үйдегі ең үлкен ескерткіштің бірі - суреттер. Мұнда сіз "Бірлік" совхозында тұрған Мақым әҗе мен сол кісінің күйеуі Қорамжанұлы Қатпаның суретін көресіз. Қатпа мен Мақым әже Абайдың үй шаруасында болған адамдары. Бұлармен қатар тұрған Рысқалы Исақызының суреті. Осы адамдардың дидарлары арқылы көпті көзге елестете аласыз. Абай заманынан сыр шер- тетін әрбір мүліктер ұлы ақын үйінің сол кездегі жай- жапсарларынан толық мағлұмат береді. Дәлізге қайта шығып, қонақ үйге кірелік. Қонақ еҫігі дәлізден шығады. Қонақ үйде Абайдың орыс

Достары Е. П. Михаэлис, С. С. Гросс, Н. И. Долгопо- лов пен П. Лобановскийлердің суреттері бар. Олардың Абай аулында болғанын айғактайтын документтермен қатар Абайдың Семейдегі Өлке тану музейіне өткізген көптеген заттарының суреттері қойылған. Күмістеген құты, кесе, кебіс, айбалта, шақша сияқты заттар да көз тартады. Абай заманынан бізге жеткен ең құнды заттың бірі 1885-жылы П. Лобановскийдің , қарындашпен салған Абайдың суреті. Бұл Абайдың өзіне қарап оты- рып салынғандықтан және Абайдың қолына ұстап көрген суреті болғандықтан аса қымбат та ыстық. Қазақтың ақын-әнші, дарынды композиторлары Біржан мен Естай Абай аулында қонақ болған. Сол ақындардың өмірінен де мүнда мағлүмат бар. Абайдың музейге өткізген заттарының бірі атақты Шақар бақсының қобызы түр. Қонақ үй бөлмесінде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы бойынша салынған Зере әже мен бала Абайға Байкөкше ақынның қисса айтып отырған сәтінің көрінісі бар. Алуан түрлі фото-документтер Абай өмірін жан- жақты түсінуге толық мүмкіндік береді. Қонақ бөлмесінен шығып, дәліздің алғашқы есігінен ішке кірелік. Бұл ауызғы, төргі бөлмелер - Абайдың өзі отырған мекен жайы. Төргі бөлмесінде Абай кітап оқып, жазу жазып, оңаша жұмыс істейтін. Төргі бөлмедегі екі тере- зенің бірі - оңтүстік жақта, екіншісі - шығыста. Екі терезеден де Шыңғыс пен Орда таулары көрініп, ұлан- ұзаққа созылған жазықтарда сахараның сұлу табиғаты көсіліп жатыр. Үйдің тек осы бөлмесінде ғана екі терезе бар. Бөлме терезелері үлкен, жарық, еңсесі биік. Сол жақ босағада дөңгелек пеш тұр. Одан жоғары Ділдәнің сүйек төсегі. Бұл төсек ешбір акау түспей бізге жеткен. Төсек тұсында Абдрахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Төсек алдына төрт қабат көрпе салынып, екі жастық қойылған. Әдетте, Абай кітапты жантайып жа- тып оқып, жазуын да дөңгелек үстелде жазған. Алға қойылған үстел үстіндегі шыны астындағы зат- тарға қаралық. Абайдың протез тісі, мына жатқан қалта сағат та ақыннан қалған белгі. Үстөл үстіндегі тоғыз құмалақ тақтасын өзі де ойнап, кейіннен өлкетану мұра- жайына өткізген екен. Сол музейден осында әкелінген. Абайдың колжазбасының көшірмесі мен қауырсын қаламсап та осында.

Кәмен Оразалин «Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 276-279-беттер