Қоңыр әулие

Қоңыр әулие
жеке
блог

Шаған өзеніне жалғаса жатқан ақ таулардың бірінде "Қоңыр әулие" деп аталатын үңгір бар. Бұл - бүкіл Орта Азия мен тұтас Қазақстанға мәлім ғажайып үңгір. Жалғыз ғана адам сиятын тар қуыстан өткеннен кейін, биіктігі 20-25 метрдей, ені 80-100 метрдей қараңғы үңгірге кезде- семіз. Екі жүз метрдей жүрген соң, тастан қашап жа- сағандай жатқан адам мүсінін көреміз. Одан әрі үлкен қалтарысты айналып өтіп көлге тірелеміз. Көл әріректе барып тұмсық айналып кетеді. Жергілікті қариялар судан су жалғаса беретінін аңыз етеді. "Қоңыр әулиенің" алдында бөлек-бөлек тас бейіттер өте көп. Олардың бастарына қойылған тастарда алуан түрлі белгілер бар. Талай қырғынның куәсы болған өңір 66 екенін бірден тануға болады. "Қоңыр әулиеге" Абай да сан рет келген. Қазір өшіңкіреп бара жатқанмен, Абай- дың аты жазылған тас та бар мүнда. 66 "Қоңыр әулиенің" ішінен де, төңірегіндегі ақ тасты таулардан да алуан түрлі жазуларды тауып оқуға бола- ды. Ғасырлар тарихын сақтаған жазулардың көбі-ақ ерте уақытты мегзейді де, қашап салынған таңбалар көне та- 66 T 66 рих сырын шертеді. "Қызылту" совхозын кейде "Шаған елі", кейде "Қоңыр әулие елі" деп атайды. "Абай жолы" эпопеясында аңда жүріп, Абайдың қатты боранға кездесіп, ауыратыны бар. Шыңғыстың алай-дүлей үскірік боранына ұрынған Абай қараңғы түн, ат құлағы көрінбейтін соққында бір ауылға кездесетіні есте болар. Ол кездескендері Тоғжанның ауылы болып шығады.

Кәмен Оразалин «Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 229-230-беттер