Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мамамның таяғы

Мамамның таяғы

Мамамның таяғы

Үйдегілерге еркелегендей қылып ешкімге еркелемейтін шығармыз. Ностальгияға берілейік сәл. 

Сіз де мамаңыз сәл дауыс көтерсе, "өлем, өлем" деп есіктен атылып, далаға қарай шабатын ба едіңіз? ))) 

Расымен бала кезімізде мамамыздан не папамыздан таяқ жесек, қорланып, зар жылап, кәдімгідей өмірден таяқ жегендей өкіріп жер тепкілеуші ек... Ех, дәурен! Өмірдің таяғына қарағанда, мамамыз бен папамыздың таяғы не тәйірі?! 

Маманың оқтауы біздің тәрбиешіміз болды. Әпкем екеумізді қатты кеткен кездерімізде оқтаумен шықпыртушы еді. Оқтау жаққа жалтақ-жалтақ қарап қоямыз кейде. Тәртіпсіздік жасағанда, мама орнынан қозғалса да, оқтау орнынан қозғалмаса екен дейтінбіз )))

Арайгүл деген көрші қызды мамасы қуып жүріп қалың скакалкамен ұратын. )))

Иә, кейде адам боп кетіп жатсақ, сол таяқтың үлесі ма деп қалам... 

Ауылда өскендер біледі. Сенбі сайын клубта би кеші, концерт болатын. Сондай кезде мамамыз жібермей қалса, одан жаман адам жоқ қой шіркін-ай... ))) 

Бір күні мама концертке жібермей тастады деп, залға кіріп алып, бұлқан-талқан боп ашуланып, бүк түсіп жатып қалдым. Мама бір кезде кешкі асқа шақырды. 

-Ішпейм!

Тамақты мама үшін ішетіндей, өзімше болып ерекше ызамен айттым. 

Бірер минуттан кейін тағы да мамамның дауысы естілді:

-Микалек, әй, Микалек, келе ғой тамаққа.

-Ішпейм дедім ғой! 

Дауысым булығып шықты. Өзім жылап жатырмын егіліп ))) Мені аясын деп... ))

Қазір ойлаймын, ех шіркін... Ол да бір дәурен...

Аяулы аппақ анашым менің... 

Сіз де қысылмай балалығыңыздан сыр шерте отырыңыз ))) Еске түсіріп, бір күліп алайық ))

2492 30
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 02 қыркүйек 2012, 19:19
Тегтер: анашым, еркелік, балалық, ауыл
Пікірлер
+0
02 қыркүйек 2012, 19:28

шынымды айтсам жасым 14те болсада, әлі таяқ жеймін. Кішкентай кезімде мамам ұрысса далаға қарай қашатынмын, мамам қуалайтын ,айқайлап тұрып дейсің бір. Мамам қуалап, ақыры жетіп алатын жарықтық, сосын.... ала таяқтың астына алады дейсің бір. Эххх есейген сайын ба, мамамның ала таяғын сағынып жүрмін.

+0
02 қыркүйек 2012, 21:07

мен өзіммен жасты ағаммен жиі төбелесетінмін, сонда мамам екеумізді сапалақпен аямай жандыртатын. Кейде түнде далаға шығарып жіберетін еді тіпті. Бірде балалармен еріп жаздың ыссы күні Жайыққа суға түсуге еріп кеттік мамаға айтпай, Содан бір уақытта мамам қолында таяғы бар іздеп келді де екеумізді үйге айдап әкетті ғой. Үйге келген соң әйда соқсын кеп, "неге айтпай кетесіңдер, суға кетіп қалсаңдар нестеймін" деп ұрсып та жатыр,соғып та жатыр әйтеуір. Қазір ойласам қызық со кездер))) Жалпы бұрынғының мама папалары қатты болушы еді, қазіргі балалар соққы жемей өседі ғой, рахат.

+0
02 қыркүйек 2012, 22:17

мені ешқашан аке шешем ұрған емес .қателік жасасам мама тек ұрсады. бірақ сөзі сүйектен өтеді.мамам ұрысқан соң үндемей бөлмеме барып жылайтынмын.айтқан сөздері миымнан кетпейтін.оданда таяқтаған жақсы ма деп қалам. ұрыс естісең көпке дейін жүрегіңде сақталып қалады екен.

+0
02 қыркүйек 2012, 22:41

Таяқтың көбін еркелігім мен тілімнің жылдамдығынан таяқ жеуші едім, біреу бірнәрсе айтса соны өмірі орындамайтын мен өз ойымды айтып шыға келетінмін сол үшін мамам ренжитін үлкендермен сөз салыстырма деп. Бірде, бірінші класс оқимын ауылда әнші балапан болды, мен қатыспадым папам жюри боп отырған мен папамның қасында отырғам, елдің бәрі ән айтып атыр мен неге айтпаймын деп жыладым, папам алдап көндірді, сыйлық берерде бәрі менікі болуы керек деп қиғылықты әбден салдым :roll: аййй үйге келгенде таяқтың астына алдау мамам оқтаумен, табаны қатты тапочкамен сойған еді. негізі таяқ жейтін кездерім аз еді себебі папам көбіне қорғаным еді, папаның артына барып тығылып қалатынмын. Үлкейгенде, қабағын түйгенінен түсінетінмін))

+0
02 қыркүйек 2012, 23:29

Ох, вечер мен дискотекаға жібермей қойған кезде №1 жау санаушы ем :))))) Қаз ойласам, тәрбие екен ғой

+0
03 қыркүйек 2012, 00:09

Таяқ жеген кезім есімде жоқ. Бірақ ұрсатын. Өзімнен тете ағам екеуміз сөзге жиі келіспей қалушы едік. Үнемі мамам ағамды жақтап шығады. Сосын екеуі жабылды деп ойлаймын да сыртқа шығып кететін едім. Бір күні ашумен сыртқа шығып кеттім. Күн суық. Түн. Бес минут өтті. Ешкім шақырмайды. Өзі келер деп ойлады ма екен. Уақыт өтіп жатыр. Ешкімге керек еместей сезіндім. Кейде ойлаймын, асырап алды ма деп. Жындымын ғой. ))) Егіліп жыладым. Содан ағам далаға шықты мені іздеп. Мен жәй ғана аяғымның дыбысын шығармай үйді айналып көрінбей қашып жүрдім. Ағам жоғалып кетті деп зәресі қалмай мамамды шақырды.Екеуі әбден айқайлап дауыстарымен мені шақырып іздеді. Содан не керек сүтке тиген мысықтай болып бардым. Мамам ләм демеді. Тағы сөйлесем бірнәрсе болар деп ойлады ма екен, кім білсін. Ех, сол күндерді сағындым...

+0
03 қыркүйек 2012, 00:37

Салтоштардың көбі ұқсас келеді-ау дейм :lol:
тіптен бала кезімде ұрғандары болмаса, мектеп барғалы ата-анамнан таяқ жегенім жоқ. Жазғандарыңа қарап қызығып отырмын, қызық-ай,,, клуб, би кеші, сауық, көңіл-күй, шу... мұның бәрінен бейхабармын, ешқашан қызыққан емеспін, енді кеш те шығар (өкініш емес, мен бақыттымын), (рұқсат етпегеннен емес - өз қалауым солай болды), (тіптен жабайы да емеспін, шақырған жерден қалдырып көрген емес), әрдайым көз алдында жүретін, қашпайтын баланы несіне таяқтап жатсын, сөйтіп балалық шағым тыныш өтті. Бір жағынан жақсы, ешкімнен кем емеспін, тәрбиешім оқтау болмаса да өмірге өкпем жоқ, бір жағынан жақсы емес: тым көңілшек, жылауық, әлжуаз, тіптен сөз көтере алмайтын боп қалады екенсің. Ата-анасынан ауыр ұрыс, таяқ көрмеген адамды өмірдің болмашы соққысы да есеңгіретіп жібереді екен. Қазіргі халімді ойлап кейде БӘЛКІМ, ҚҰРБЫЛАРЫМ, ӘПКЕЛЕРІМ СИЯҚТЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚАШЫП ШЫҒЫП, КЕШКЕ КЕЛІП ТАЯҚ ЖЕП ЖҮРСЕМ ДҰРЫСТАУ МА ДЕП ҚАЛАМ ғой анашыма әзіл-шыны аралас. Ал анашым кез келген шешімімді қолдайды, ұясынан көргенін ілгендер ғой ата-анам, өздерін ата-аналары бір көзқараспен тиып тастап отырған, енді жүргендері бізді ұра алмай, хех,,,

+0
03 қыркүйек 2012, 12:40

Керемет қызық екен!

+0
03 қыркүйек 2012, 01:43

:lol: мен "осылар мені асырап алған шығар" деп ойлаушы ем ұрысқанда :lol: ағаммен ұрсыссам "ол үлкен ғой" дейтін, сіңліме ұрыссам "кішкентай сенен" дейтін, сол кезде бүкіл әлем маған қарсы секілді көрініп далаға кетіп қалған кездерім болды :mrgreen: бірақ бір сағаттан кейін қайтып келем :D

+0
03 қыркүйек 2012, 03:25

Тіпті деймін-ау... өзімнен ересектеу көршінің балаларынан таяқ жеп келсем, жұбатудың орнына одан сайын айқайдың астына алып, бар кінәні өзіме іліп, аз-кем төмпештеп те алатын менің шешем. Сосын кімге шағынасың? Жата қалып булыға жылайсың. Сосын қалай ұйықтап қалғаныңды да сезбейсің. Оянған сәтте болған оқиғаның бәрі ұмытылып, жеген таяқтарымның дәмі тілім мен таңдайымнан ғайып болған. Бір қызығы, мен сол күндерді сағынып жүрмін... :cry:

+0
03 қыркүйек 2012, 10:39

Бәтес апа(Миканың мамасы) сияқты жайдары адамдар сирек шығар өмірде...

+0
03 қыркүйек 2012, 12:06

Таяқ жесең, қорланып, зар жылайсың ба не? Ал егер күйеуіңнен таяқ жесең ше? :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:14

капец :lol: :lol: лақпаңызшы айдалаға

+0
03 қыркүйек 2012, 12:17

"капец" дей ма? :o (ой күлдім го) :lol:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:09

Сонда саған өмірдің таяғы қатты тиіп жатыр ма? Қалай сонда? :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:14

ей Ауылдың қызы, мені неге ауылбайский деп мазақ қыла бересіңдер? Түсінбедім? Өздерің де сол жерден шықтыңдар го? Әлде қалаға келіп "ГОРОДСКАЯ" болып кеттің де ме? :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:16

маған айтып жатсыз ба? егер маған айтып жатсаңыз, мен ауылдан шыққаныма мақтанамын

+0
03 қыркүйек 2012, 12:20

Ауылдан шыққаннан не пайда? Білім сапасын, медицина нашар! Еркін өмір жоқ! Өмірдің қызығынан құр қаласыз го? Қалалықтар секілді әдемі өмір сүре алмайсың го? :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:16

Мамаңа осылай өкпелейтін бе едің? Өкпелей беретін қызсың ба не? :o Әлде өкпе жеп қойдың ба? :lol:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:22

Мамаңыз сәл дауыс көтерсе, "өлем, өлем" деп есіктен атылып, далаға қарай шабатын ба едің? :o Құдай сақтасын! Не деген мінез мынау? :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:23

өзіңіз таяқ жеп көрмегендей өп-өтірік таңғалмаңызшы, сондай жасандысыз!

+0
03 қыркүйек 2012, 12:27

Маған мамам ұрысса, мен мамамды ұрсып тастайтынмын! :twisted: :twisted: :twisted:

+0
03 қыркүйек 2012, 12:31

отырып алып мамаммен бет жыртысам деңізші

+0
03 қыркүйек 2012, 12:43

Тіпті ұрып тастаймын :lol:

+0
03 қыркүйек 2012, 13:17

Қалжың го! Мамамыздан артық жан жоқ қой бізде! Аллахқа сансыз шүкірлер болсын! Анашым және әкешім, сендердің көргім келеді, 100 жасқа келген тойларыңды! :ugeek:

+0
03 қыркүйек 2012, 23:56

Қызық...)) тек кішкене кезімде шығар, балалығым, шалалығым, білместігім үшін таяқ жейтінмін...))) Бірақ оқтауға дейін бармайтын...)

+0
04 қыркүйек 2012, 11:47

сол мамамыздың таяғы жетпей тұрады қазір)) қателіктерге жиі түсіп жатамыз))

+0
05 қыркүйек 2012, 12:37

:lol: ай,балалык-ай! Мика,мына жазгандарыныз менiн басымнанда откен. Кiшкентай кезiмде тентектiгiм ушiн таяк жедiкгой. Есейе келе,октаудында дамiн таттык. 11сыныпты бiтiргенше "вечерлерге" жiберген емес,сонда жатып алып жылайтынмын. Казiр, арасында тек созбен туйрейдi. "Соз суйектен отедi"екен. Кейде ойлайсын,сол создердi естiгенше таяк жегенiм жаксы едi деп. Таяк жегеннiнде улкен тарбиесi бар-ау,осы. :) . Омiрден таяк жесенде "кынк"етпейсiн. "Бiр куласам,екi кадам алга жылжимын"дейсiнде,кете бересiн.

+0
06 қыркүйек 2012, 11:40

)))))))))))))))))) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев