Даяна құрылыс саласын дамытып, Диана ғылымғы үлес қосады.

Даяна құрылыс саласын дамытып, Диана ғылымғы үлес қосады.
жеке
блог

Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып  оқушылары Диана Сәлімгереева мен Даяна Булатбекова Оңтүстік Кореядағы әлемнің үздік 10 университеті қатарындағы «Ульсан Ұлттық ғылым және техника университетінің» (UNIST) білім грантына ие болды. Ұлттық университеттің ерекшелігі-шетелдік студенттерге арналған ақылы бөлім жоқ.Үміткер мінетті түрде грант иегері болуы керек. Білім ошағы 2007 жылы ашылған. Кореянфң «өндіріс ошағы» аталған Ульсан қаласында орналасқан. Бұл қалада әлемге әйгілі Hyundai Motors, Heavy Industries, SK Energy зауыттары жұмыс істейді.    

Қос талапкерді жеңісімен құттықтап, әңгімелескен едік.

-Сәлем қыздар! Қалдарың қалай?, Көңіл-күйлерің қалай?

- Рахмет, біздің қалымыз әдеттегідей жақсы, көңіл-күйге келетін болсақ, бізде барлығы керемет.

-Диана,Даяна ең алдыммен сұхбатымызды бастамас бұрыс, өздеріңізді қысқаша таныстырып өтсеңіздер?

- Мені есімім, Булатбекова Даяна. Біз Ақтау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымыз.

-Менің атым, Салимгиреева Дианой. Біз Даяна екеуміз сыныптастар бола отырып, биыл бірге 12 "I" сыныпты аяқтаймыз.

- Біздің естуіміз бойынша, сіздер шетелге оқуға түсіп,онымен қоса грант иегерлері атандыңыздар. Осы туралы нақтырақ айта кетсеңіздер?  Барлығы қалай болды жалпы ?

-Иә, біз Оңтүстік Кореядағы ульсандық Ұлттық Ғылым және технологиялар университетіне (UNIST)  біз толық грант ұтып алдық.Екеумізде инженерия департаментіне түстік, мен екінші курстан басап urban engineering (Азаматтық құрылыс).Біз осы жерге қалай түскеніміз жайлы нақты айта алмаймыз, себебі бәсекелестік өте жоғары болды. Бүкіл қазақстан бойынша 18 оқушы ғана шақырту алды.Сондықтанда комиссия мүшелері нақты қандай белгілерге қарағанын айту қиын. Мұндағы нақты факторлар: Мұнда барлық факторлардың комбинациясы: өте жақсы бағалар, стандартталған тестілер бойынша жоғары көрсеткіштер (SAT, IELTS), сабақтан тыс тереңдетілген қызметтегі жетістіктер (өзін-өзі басқару, еріктілік, олимпиадалар, жобалар, спорт) және мотивациялық эссе болса керек.

-Қазіргі уақытта мен биология факультетін таңдап, отырмын. Бірақ Университетте бірінші жыл жалпылама  болып келеді. Мүмкін, кейінірек мен биомедициналық инженерияға ауысамын. Ол да сондай-ақ UNIST-а факультеттерінің тізіміне кіреді.Ал біз UNIST-қа түскенімізге келетін болсақ, мен Даянамен толықтай келісемін. Менің ойымша, комиссия сіздің өтініміңізді қарастырғанда, ол белгілі бір факторға қана қарап қалмайды. Жалпы айтқанда портфолионың да ойнайтын рөлі жоғары.Бірақ, UNIST-ға түскен барлық 18 оқушы SAT және IELTS-дан жоғары нәтижелері бар мықты үміткер, ал кейбіреулері халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері (Жәутіков олимпиадасы, физика, химия, биология және математика пәндері бойынша

-Қазіргі таңда көптеген жасөспірімдер сіздер сияқты шетелде оқығылары келеді. Негізі сіздердің ойларыңызша, оқуға түсу үшін дайындықты неден бастаған жөн?

- Ең алдымен, өз алдына нақты мақсат қою керек: мамандық, университет, оқушылар үшін талаптар, нақты қай елді қалайсың. Шетелге түсу процесі қазақстандық ЖОО-на түсуден біршама өзгеше, сондықтан шетелде оқу мүмкіндігін арттыру үшін барлығын алдын ала жасау қажет.

 

-Бұл туралы ойлануды мүмкіндігінше ертерек бастау керек (8-9 сыныпта). Содан кейін, 11 (12) сыныпқа дейінгі бүкіл оқу кезеңінде білім мен дағдыларды жинақтау, мектеп өміріне қатысып, олимпиадалар, жобалар мен конференциялар арқылы пәндерге тереңірек бойлай отырып, өз мүдделерін зерттей бастағандары дұрыс. Осылайша сіз өзіңіздің қай бағытқа жақын екеніңізді аныөтай аласыз. Сіздің мамандығыңызға қызығушылығыңыз жоғарлаған  сайын, сіздің академиялық және жеке дағдыларыңыз, шет тілін меңгергеніңіз сіздің оқуға түсу мүмкіндіктерің көбірек болады.. Ең бастысы-сіздің мақсатыңызға жету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуіңіз керек.

-Сондай-ақ шетелге түсуге ұмтылатын оқушыларға өзінің ыңғайлық шеңберін шығуға қорықпауға кеңес беремін. Сіздің мектебіңіз ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысыңыз.  Тек мектеп қабырғасында ғана оқумен шектеліп қалмау керк, сонымен қатар қосымша үйде сабақ алып, білімді арттыруда шектеліп қалмағаныңыз жөн.. Сіз мұны ата-ана немесе басқа біреу үшін емес, ең алдымен өзіңіз және болашағыңыз үшін керек екенін түсінуіңіз керек.

-Ал тіл жағына келетін болсақ, сіздер қандай тілдердееркін сөйлей аласыздар?

-Қазіргі таңда Даяна екеуміз де үш тіде де еркін сөйлейміз (қазақ, орыс, ағылшын). Сондай-ақ, біз болашақта корей тілін үйренуді жоспарлап отырмыз. Ол жақта халықтың көпшілігі өздерінің ана тілдерінде сөйлейді,сондықтан автобус аялдамаларының атаулары, дәмханадағы ас мәзірі және әлеуметтік өмірдің басқа жағдайлары да  тек корей тілінде жазылады. Сондықтан Ульсанда еркін жүру үшін біз сол жақтың тілін үйренгіміз келеді.

-Егер алғашқы екі тілде еркін меңгерсек, онда соңғысы бізде "Advanced"деңгейінде. 12 сыныпта Біз IELTS стандартталған тест тапсырдық, менде 8.0, ал Диана 7.5.

-Қазіргі таңда ағылшын тілі жиі қолданылады. Қалай ойлайсыздар, Шет тілді тез меңгеру үшін не істеу керек?

-Ол адамның қалауына байланысты. Егер сіз бұл нәрсені қатты қалайтын болсаңыз , онда сіз еш қиындықсыз тез үйреніп аламыз.Негізң базалық грамматикадан, сөйлем құрылымынан бастап,ағылшын тілінің қалай жұмыс істейтінін түсіну керек. Содан кейін сөздік қорыңызды көбейту үшін сздер жаттап немесе фильмдер, сериалдар қарап, музыка тыңдап, кітап көп оқыған дұрыс. Мұнда ең бастысы, өзіңіздің ортаңызды қалыптастыруыңыз керек. Және ағылшын тілінде сөйлейтін  мұғалімдермен, достарыңмен немесе өз-өздеріңмен ағылшын тілінде сөйлесу керек.

- Егер адам тілді жоғары деңгейге дейін үйренгісі келсе, онда Даяна айтқандай, өзін қоршаған ортаны қалыптастыру қажет. Менің әлеуметтік желілерімдегі барлық жаңалықтар, соның ішінде Youtube, Instagram және Vkontakte, ағылшын тілінде. Мен түрлі видеороликтер көргенді өте жақсы көремін, сондықтан тыңдаудың дағдыларын жақсарту үшін мен оларды тек ағылшын тілінде көруге тырыстым.

- Мамандық таңдауда сіздерге кім септік етті?, әлде бұл өздеріңіздің таңдауларыңыз ба?

-Мен орта буында оқып жүрген кезден-ақ құрылыс саласына барғым келді. Мен қала инфрақұрылымдарына, технологияларға және конструкцияларға  қызығамын. Сонымен қоса , математика сабағын жақсы оқыдым. Ал жоғарғы сыныптарға келгенде,  физика  ең сүйікті пәндерімнің бірі болды. Осы жағдайлардан болар, мен өзімнің инжинер болатыныма сенімді болдым.

-Мен барлық пәндерді жақсы оқысам да, биологияға деген қызығушылығым қашан да басым болды.Бірте-бірте, мен осы бағыт бойынша  жыл сайынғы олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарға қатыса бастадым, сондықтан өз қызығушылығымды дұрыс арнаға бағыттай отырып, мен биологиялық мамандықты таңдадым. Маған биология-химия, математика, физика және түрлі ғылымдарын біріктіру ұнайды. Ал макро - және микродеңгейде күрделі процестерді зерттегенде тіпті ләззат аламын.

-Өздеріңізді  10 жылдан кейін қалай елестетесіздер?

- 10 жылдан кейін мен өзімді жан-жақты дамыған, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, және елдегі инфрақұрылымды дамытуға зор үлес қосатын өз саласының құзыретті жас маман ретінде көремін.

-10 жыл-бұл өте ұзақ мерзім, сондықтан мен нақты айта алмаймын. Бірақ шетелде бірнеше жылдан кейін бакалавриатты, магистратураны және докторантураны бітіргеннен кейін, мен биология саласындағы ғылыми қызметті дамытуға көмектесу үшін Қазақстанға ораламын деп сеніммен айта аламын.

-Жас түлектерге беретін кеңестеріңіз?

-Достар,сыныптастар,ата-ана үшін емес, тек өзіңіз үшін бәрін жасаңыз. Сіздің бүгін істеп жатқаныңыз , болашақта қандай болатыныңызға тікелей  әсер етеді, сондықтан ешқашанда ойлағаныңызды кейінге қалдырмаңыз, және мүмкіндіктерден бастартпаңыз.

-Сіздің өмірлік жолыңызда ұсынылған барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз және ыңғайлық шеңберіңізден шыға біліңіз. Ең бастысы – дамыңыз.

- Сіздерджің өмірлік ұстанымдарыңыз қандай?

-Егер істесің, онда сапалы және соңына дейін жаса.

-Басқаларға көмектесе отырып,өзіңе де пайда әкелесің.

-Диана, Даяна берген сүбелі сұхбаттарыңызға рахмет. Сіздерге өмірдегі барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.