Фото мен видео кадрларын тексерудің 3 жолы: Украина мысалында

Фото мен видео кадрларын тексерудің 3 жолы: Украина мысалында
жеке
блог

Кейінгі бірнеше аптада Украинада болып жатқан сұмдықтың куәсі болып отырмыз. Дезинформация да қалыспай таралып жатыр. Көптеген жалған немесе манипуляция байқап отырмыз. Интернетте вирус болып кеткен фото мен видеолар Украинадағы қазіргі жағдайды бейнелейді деп таралып жатыр.

Деректерді тексерудің үш жолы мынадай. Бұл үш құрал дербес компьютерде де, мобиль құрылғыларда да жарамды.

TinEye арқылы іздеу жүйесін қолданыңыз.

Facebook-те вирусқа айналған мына жазбада ресейлік ұшақтар Украина әуе кеңістігінде ұшып жүр делінеді. Мұны тексеру үшін біз видеодан скриншот жасап, TinEye-ға өтеміз. TinEye — суреттерді іздеуге, бұрын жарияланған немесе жаңадан шыққан фотолармен салыстыруға болатын жүйе.

TinEye-да табылған нәтижелердің бірінен бұл видео YouTube-те 2020 жылы шыққаны көрсетілген.

Сөйтсек, бұл видео жарияланғанына екі жылдың жүзі болған екен, онда шын мәнінде ресейлік ұшақтар көрсетілген, бірақ олар видеода Украина аспанында ұшып жүрген жоқ.

Тағы бір видео Твиттерде жаппай таралды, онда ресейлік жойғышты атып түсірген украиналық ұшақ көрсетілгені айтылады. Скрин жасаймыз да, оны images.google.com сервисіне салып көреміз.

Google нәтижелерінде «Киев елесі» терминін шығарып берді.

«Киев елесі» терминімен «видео» және «деректерді тексеру» сөздерімен терсеңіз, бірнеше нәтиже шығарып береді.

USA Today мәліметінше, бұл видео Украинадағы жағдайды бейнелемейді, видеоойыннан алынған.

Осындай іздеу жолын ұялы құрылғылардан да қолданып көріңіз. Мобиль құрылғыда Google Chrome қосымшасы арқылы іздеп көрсеңіз болады.

Мысалы мына твит түрлі платформада көп таралды, желі қолданушылары мұнда ресейлік сарбазға қарсы тұрған украин қызы бейнеленгенін жазған.

Google Chrome қосымшасы арқылы іздеймін десеңіз, видеоны басып тұрыңыз, сонда «Осы суретті Google-дан табыңыз» деген жазба шығады.

Мұнда шығатын нәтижелердің басым бөлігінде BBC-дің Украина туралы жалған мәлімдемесін таба аламыз.

Шын мәнінде бұл видеода Израиль сарбазына қарсы шыққан палестиналық 11 жастағы қыз бейнеленген. Ол аз десеңіз, бұл видео 2012 жылғы, яғни 10 жыл бұрынғы видео екенін аңғарасыз.

Мәтін Poynter басылымының MediaWise ютуб-арнасында шыққан видеодан аударылды. Сілтеме.

TinEye: https://tineye.com/
Google Photo: https://www.google.kz/imghp?hl=ru&authuser=0&ogbl
Журналист боламын дейтін жастарды өз телеграм-арнама шақырамын