Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі» мақаласы
жеке
блог

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі» мақаласы

Ерең еңбекті, алғаш әліппені ойлап тапқан, қараңғы қазақтың көзін ашқан Ахмет Байтұрсынұлының публицистикаға тиген пайдасы орасан зор. Қолындағы қаруымен қазақ журналистикасына, шындық әлеміне жол ашқан, дана Ахмет «Айқап» журналына «Әй, қап!»-деп, ащы шындықты жазған.

  «Қазақ өкпесі» мақаласын әрбір қазақ білуі және құлшына оқуы тиіс. Бұл мақалада қазақтың неге өкпелемеуі тиіс екенін жеткізеді. Біріншіден,халықта бірлік пен береке жоқ екенін тілге тиек етеді. Алла тағаланың берген нығметін, бақ пен берекесін басысымзға бақыт құсы реінде дұрыс қондыра алмай отырғанымыз бәріне белгілі. Қазағым деп бірін-бірінің еңсесін нығайту орнына, тонын басып, бір-бірімен ырылдасып отырған сан мың адам бар. Осылай екі арада ырылдасып отырып бастарына қонған бақты ұшырып алып отыр. Надандық пен жалқаулықтан алыстасақ қанға сіңген дақтан құтылсақ қазақтың күні күн болар еді.

  Екінші бір көтерер ауыр мәселе жеріміздің қазыналық болуы. Қазақ неге өкпелейді? Халық бүгін тойғанына мәз болып, ертеңін ойлаудан қалған. Қазір жерін өзге ұлтқа сатып, бөліп беріп мәз болып жүр. Кейін қоныстанар жері жоқ болса түнеріп далада қалатынында ешкімнің шаруасы жоқ. Қазақта жерінен асқан байлығы жоқ екені бәріне айдан анық.

  Тағы бір елең еткізер мәселе-қазақтың ғылым мен білімге алшақтығын тілге тиек етпеске болмас. Қанға сінген екі қасиеттен алшақтасақ көрер күніміз үлдемен бүлдеге оранатынаына сенімдімін.

  Ахмет Байтұрсыновтың бұл мақаласы талай халыққа біршама ой қалдырды. Халықтың өзінен басқа ешкімге өкпелемеу керегін түсіндірді. "Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол халықпыз."