Еркектер қандай әйелге құштар???

Еркектер қандай әйелге құштар???
жеке
блог

«Алғаның жақсы болса, алтынмен тең» деген қазақтың жырында кездесетін жолдар бареді ғой. Бірақ, барлық жақсы еркекке жақсы әйел, барлық салиқалы әйелге салмақты еркек қайдан жолыға берсін. Кей кезде «жібі түзу» деген ер-азаматтың жары жұлыпжеп тұрған біреу боп шыққанын көргенде, «обал-ай» дегеннен басқа ауызға сөз түспейқалады. Сөйтсек, мұндай жағдай тек қазақта ғана емес, өзге ұлт өкілдерінде де жиікездесетін проблема екен. Отбасылық түйткілдердің түйінін шешуді әдетке айналдырғанбатыс елдерінің психологтары «Жақсы еркектің жары неге жаман әйел болып шығады?»деген сұраққа жауап іздеп, оның бес түрлі себебін анықтапты. Сонымен...       

 1. Тек өте салмақты әрі жомарт, кеңпейіл адам ғана бетпақ әйелге төзе алады. Бетінезәрі шығып, тепсініп тұратын әйелдердің бәрін ақымақ санауға тағы болмайды. Оларөздерінің осы мінез-құлықтарына шыдайтын еркекті ақылмен таңдап, айламенқұрықтарына түсіреді. Ұрыс-керіс бола қалған жағдайда, ақылды әрі салмақты еркекқашанда әліптің артын бағуға даяр.  

2. Ал кейбір еркектердің өзі осындай әйелдерге құштар, яғни, ер-азаматын адам құрлыкөрмей, көрінген жерде жерден алып, жерге салатын әйелдермен қарым-қатынас жасайжүріп, бүкіл әйел затына күйе жағуға даяр тұратын еркектердің барын жоққа шығаруғаболмайды. Шаңырақ көтеріп, отбасылық жауапкершілікті мойнына алғысы келмейтінкейбір «мырзаларымыз» осындай уәждері арқылы, сүрбойдақ қалыптарын сақтап қалғысы келеді.

3. Жақсы еркектің бәріне бірдей жаман әйел кез бола бермейді. Екі жақсы қосылып, екіелдің ұйытқысына айналып отырған отбасылар қаншама. Бірақ кей кезде жақсы тәрбиеалып, жақсы отбасында өскен азаматтарға жаман әйел болуы мүмкін деген ой мүлдебастарына келмейді. Сөйтіп, жар етіп алған жақсысына жеткілікті дәрежеде көңілбөлмей, «ұйықтап жатқан жыланның құйрығын басып» оятып алады. Содан кейін ғойеркектердің «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?» деп мақалдатып,оған әлі күнге дейін тұщымды жауап таппай жүргендер

4. Біздің менталитетімізге қаншалықты жақындығы барын белгісіз, ал батыспсихологтары «бетпақ» әйелдермен өмір сүру әлдеқайда көңілді» дейтін еркектердіңтобы бар екенін анықтапты. Яғни, жақсы отбасында тәрбиеленіп, инабатты да ибалыата-ананың қамқорлығынан шыққан, бір қалыпта өсіп-өнген жігітке кейде шектен шыққанәрекеттер таңсық көрінеді екен. Олар отбасылы болған уақыттарында немесе соғандайындалып, қыз таңдаған кезде әдейі «бетіне зәрі шыққан»  бойжеткендерге пейілбілдіруді жөн санайтын көрінеді.  5. Ал кейде шын мәнінде жақсы жігіт жар таңдауда жаңылысуы әбден мүмкін ғой. Кейінәйелінің шайпау мінезін көрген ер-азамат одан дереу бас тартуды өзіне ар санап, «түбібір түзелер», «менің жақсылығымды бағалар» деген есек дәмемен біраз уақытын өткізіпалғанын өзі де сезбей қалады.  Алған жарың өміріңнің астан-кестеңін шығарса, одан тезірек құтылудың амалын жасаукерек. Неге дейсіз бе? Шайпау мінезді, шаптыққан әйелдер салмақты да салиқалыеркекті ез етіп, етігінің табанына салып таптауға дейін барады. Келе-келе ер-азаматондай әйелден бойын аулақ сала алмай, «мен оны тастап кетсем, ол өзіне қол жұмсауымүмкін» деген сияқты үрейлі ойларды санасына ұялатып, сол үрей-қорқынышпен уақытөткізіп алады. Уақыт өте келе, шайпау әйелдің шашпауын көтеріп жүретін шала естіеркекке қалай айналғаныңызды білмей де қалас

Зерттеушілердің анықтағанындай «бойында жыны бар» әйелдердің бет-әлпеті десүйкімді, тіпті, елден асқан сұлу болуы мүмкін. Олар осындай басты қаруы тұрғандаештеңеден қорықпайды. Төсекте де тартымды. Сондықтан да көптеген еркектер отауқұрмай тұрып, олардың шайпаулығын жай еркелікке балап, тіпті болмаған жағдайда көзжұма салуы да ғажап емес.

Дайындаған: Жандос!!!