Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жолаушымен болған әңгімеден соң...

Жолаушымен болған әңгімеден соң...

Жолаушымен болған әңгімеден соң...

Автобуспен немесе поездбен жол жүре қалсам, жаңа адамдармен танысып, табысып, сыр шертіскенді қатты жақсы көремін. Өміріңде алғаш рет және соңғы рет көріп тұрған жанмен әңгіме-дүкен құру мен үшін қызықтың-қызығы. Түн бойы ешкімге айта алмай жүрген бар сырыңды ақтарып саласың да, таң ата өз жөніңмен кете бересің...

Менің осы жолғы «жолаушы құрбымның» есімі – Жұлдыз. Жұлдыз десе жұлдыз еді-ау, бал-бұл жанып тұр. Жұлдыз – үш баланың анасы, адал жар, сыйлы келін екен. Келін болғанда орыс ұлтының келіні...

Жасы отызды алқымдап қалғандығымен, сондай жас, сондай әдемі көрінеді. Қазақтың қара көз аруының бірі. Айтқандарына қарғанда бақытты секілді. Жарының есімі - Николай. Балаларының есімдері: Азамат, Салтанат(үшіншісі есімнен шығып қалыпты). Үшеуін де қазақша қойыпты. Мамандығы мұғалім болғандығымен, үлкен бір компанияда жұмыс істейтін көрінеді.

Оның бәрін айтып не қылайын?! Біреудің сыры ғой. Айтқым келгені басқа еді. Жалпы, осы екі түрлі ұлт өкілдерінің отбасын құрғандығы дұрыс па? Екі түрлі тіл, екі түрлі дін, екі түрлі діл, екі түрлі салт-дәстүр...

Сіздің берер жауабыңыз: арада махаббат болса, неге болмасқа!? Мен де солай ойлайтынмын. Бірақ «жолаушының» әңгімесі маған басқаша әсер етті. Бұл әрекеттен қаншама адам зардап шегеді екен: ел бетіне қарауға ұялатын қыздың ата-анасы... Құдалармен қалай араласуды білмей дал болатын жекжаттар... Бәрінен де, екеуіне ортақ бала-шаға... Анасы қазақша, әкесі орысша сөйлейді, екеуінің ұстанатын салт-дәстүрі мен сенімі екі түрлі. Қайсысының дұрыс екендігін біле алмай миы-ашып жүргендерін айтыңыз.

Жұлдыз ұлым: «Мен адаймын!» деп айтады дейді(атасы солай үйретіп қойыпты). Ру деген ұғымның орыстар да мүлде жоқ екенін ескерсек, ол байғұстар оның не екендігін қайдан білсін?!

Жұлдыз апай перзенттерін қазақтар секілді қырқынан шығарып, сүндетке отырғызғандығын айтып қалды.  Ата-тектері де өзгеше. Жұлдыздың жолдасының есімі – Николай болғандықатан, Азамат Николевич, Салтанат Николаевна... Және мұндай тектілердің қатары ортамызда қаншама?

Ал сіз екі түрлі ұлт өкілінің шаңырақ көтеруіне не дейсіз?

1827 17
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 31 тамыз 2012, 16:12
Тегтер: жолаушы, махаббат, шаңырақ
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 16:21

Мен қарсы емеспін. "Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады" демекші... Бағың ашылса болды емес пе?..

+0
31 тамыз 2012, 16:35

Әрине, дұрыс. Сіздің ой-пікіріңізге қосыламын. Ең бастысы махаббат ғой ;)

+0
31 тамыз 2012, 16:42

жүрегіме ауыр тиетін тақырыптардың бірі :(

+0
31 тамыз 2012, 16:55

Менің де жаңа танысқан адаммен сөйлесіп, сыр бөлісіп, бұрыннан танитын адамдай болып кететін кезім көп. Кейін де кейбіреулерімен араласып кеткен кездер аз емес. :D

+0
01 қыркүйек 2012, 15:15

бір күні солай поезда танысқан бір қыз телефон шалып екі жүз доллар қарыз сұрағаны бар, ал кеше жолаушылас болған бір қыз мені агенттен тауып алып, достық ұсыныс жіберіпті, түнімен сөйлестік :)

+0
31 тамыз 2012, 16:58

Озге улт окiлдерiмен аралассамда,мен олармен отбасын курмас ем. Оз кара домалактарым жаксы. Махаббат-касиеттi сезiм. Бiрак,сезiмге ерiп,озге ултка шыгып,жакындарымнын жанына жара салып, эгоистiкке бара алмаспын.

+0
31 тамыз 2012, 17:08

Айтпақшы, жазбада айтылған мәселеге байланысты ойымды жазбаппын ғой. Менің жеке өз басыма, басқа ұлттың өкіліне күйеуге шығу - тыйым салынған, олай жасауым мүмкін емес нәрсе сияқты. Ал бірақ жалпы алып қарасаң, бір-бірін жақсы көріп, сүйіп қалған ғашықтарға ештеңе де кедергі бола алмайтын секілді. Олар үйленеміз деп шешсе, сол қиындықтардың бәріне төзуге, тәуекелге бел байлап көнуге тиіс - деп ойлаймын.

+0
31 тамыз 2012, 17:47

негізі ода тұрған ештеңе жоқ. бірақ қазақтың халқының менталитетінің әсерінен пайда болатын түрлі проблемаларды қоспағанда, қазақ санының онсыз да аз екендігін ескерсек, бұл қадам дұрыс емес деген шешімге келівотрм.

+0
31 тамыз 2012, 19:09

меніңше алғашында махаббатпен қосылған екі түрлі ұлттың өкілі уақыт өте келе бірін бірі түсінісе алмауы мүмкін, өйткені басында бәрі жақсы көрінгенмен, бәрібір жоғарыда айтылған, тілі, діні, дәстүрі, өскен ортасы бөлек болғандықтан қиын соғады. сондықтан мен мұндай некеге қарсымын.

+0
01 қыркүйек 2012, 15:11

менде де осындай пікір пайда болды :?

+0
31 тамыз 2012, 21:39

қазағымыздың қарақат көзді қыздарына жететін қыздар жоқ мен үшін. жалпы өзім орыс ұлтын ұнатпаймын. араласатындарым аз.бір кәріс ескі досым бар, қазақтың қызына үйленді, өз ұстанымын ұстап итті сойып жеді, өздерінің асын. содан кейін әйелі тастап кетті.жалпы өзге ұлтқа үйленуді құптамаймын.

+0
01 қыркүйек 2012, 01:12

мен үшін дұрыс емес, тіпті араларында махаббат болса да! :? Өзіңіз айтқандай дін бөлек, тіл бөлек, діл бөлек....қазақты ғана жақсы көрем :)

+0
01 қыркүйек 2012, 15:12

сіз сияқтылар көп болса ғой ;)

+0
01 қыркүйек 2012, 21:30

Қазақтың қара қою көзді, қара шашты қызы бола келе өзге ұлт жігітімен қолтықтасып кете беретін қыздарды түсінбеймін тіптен, ал жігіттер жағы өз пайдасына шешіп комплекссіз орыс қыздарымен шаңырақ құрғандарына қарным ашады...

+0
02 қыркүйек 2012, 00:49

Бұндай жағдай болғанын қаламас едім. Ата-анам ренжитін шығар: неужели бір қазақ таппадың деп. Үзілді кесілді қарсымын.

+0
06 мамыр 2013, 00:20

Қара басты ойлап тұрмыс құру нағыз ақымақтың белгісі. Аспаннан салбырап түскен болсан өз білгеніңмен өмір сүрсең дұрыс болар. Ал сені жаратқан әке-шешеңнің ойыменен бөлісу тұрмыс құрмастан алдыңғы перзенттік міндетің. Сен яғни перзенті туылмас бұрын олар армандайды, армандап жүріп сені жетелейді өмірдегі нәрселерді көрсетуге, жақсы-жаманын ажыратып..... Қысқасы сонша жолға әкелгенін бағаламау айуандықтың белгісі !!!! Басқа ұлтқа тұрмысқа шығу деген сөзді ойлаудың өзі дені дұрыс емес адамның ойы

+0
08 мамыр 2013, 17:08

мен қарсы емеспін,егер махаббат берік болса онда ештеңе кедергі емес.Бірақ,жаман жақтары да бар.Алайда менің пікірімше,үйленуін құптаймын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев