Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Тағдырың ортақ тоғыз сан

Тағдырың ортақ тоғыз сан

Тағдырың ортақ тоғыз сан

 

Мысалы, дүниеге келген уақытыңыз 1988 жылғы қыркүйектің 29-ы делік. Енді есептейік. 2+9+9+1+9+8+8=46. Одан соң нәтижесіндегі соңғы екі санды бір-біріне қосамыз: 4+6=10; 1+0=1. Демек, сіз "1" деген санға тәуелдісіз.

 "1"санына  тәуелді адамдарға Күн планетасы қамқорлық жасайды.Егер қажымай-талмай, тер төгіп еңбек етуден өзгенің бәрінен бас тартсаңыз сіз өте жемісті өмір сүресіз. "1" санына  қатысты адамдардың шамадан тыс намысқойлықтары қандай да бір ұжым мүшелері арасында тіл табысып, жұмыс істеулеріне кедергі келтіреді. "1"-дің атаққұмарлығы мен жетістіктерге ұмтылысы оны әрқашан асқақ көрсетеді. Бұл санмен байланысты адамдардың кейбіреулері тіпті өз достарын да жеке басының қамы үшін пайдаланып жүреді. Өзінің табандылығы арқасында қашанда көшбасшы бола алады. Егерде өз дегендері іске аспай қалса, айналасындағыларға қиянат жасаудан да тайынбайды.

 

Егер, сіз "2" санына тәуелді болсаңыз, сіздің планетаңыз - Ай. Сіздің мінез-құлқыңызға әдептілік пен істің ыңғайын таба білушілік тән. Бұл санмен байланысты адамдар өздерінің жылы шырайларымен ерекшеленеді, олар қиын шаруаларға қиналмай кіріседі. Болашаққа деген сенімдері арқылы айналасындағы адамдарды өздеріне тартып тұрады. Өзгелердің де ынта-жігерлерін арттыруға ықпал жасай алады.Ешнәрсені күшпен бағындырмайды, жетістіктерінің барлығы өздігінен келеді.

 

Егер сіздің тағдырыңыз "3" санына байланысты болса, қамқоршы планетаңыз-Юпитер. "Үштіктер" өмірге батыл сеніммен қарайды, өзгелердің де жағдайларының жақсы болуын қалайды. Көп жетістіктерге жетелейді. Өмірде кездесетін сәтсіздіктерден кейін өз-өзіне тез арада келе алады. Мұның бәрі еш қиналыссыз, өте оңай іске асады. Жұмыс атқарғанда мәселені тым тереңдетуге құлықсыз, ал егер бір істі қолға алса, нәтижесі әркімді де таңқалдырары сөзсіз. Олар үшін махаббат-жұтатын ауамен пара-пар. Көптеген әйгілі актерлердің туылған уақыттары "3" санымен байланысты.

 

Егер сіз "4" санына сәйкес болсаңыз, онда Сатурнның құзырынан табыласыз. Міне, сіздің бай, төрт құбылаңыз сай, өмірге деген көзқарасыңыз сенімді болуына әсер ететін де осы планета. Егер "төрттіктер" табысқа кенеліп жатса, ол бел шешпей, ыждағатпен еңбек етудің нәтижесі болмақ. Өздері сезімдерін сыртқа сездіре бермейтіндіктеріне қарамастан, достары оларға әрқашан арқа сүйеуге болатынын біледі. "Төрттіктер" отбасында кейде келеңсіз жағдайлар болған күннің өзінде де өз үйелменісіз өмір - тұл деп есептейді.

 

"5" санына  тағдырың табыстаған адамдар Меркурий планетасы сыйлаған іске деген құлшыныс пен ерекше күш-қуатқа ие. Мамыражай, бірқалыпты өмір іштерін пыстырады. Сезімтал, зиялы, болашаққа сеніммен қарайды. Кез-келген мәселені нәтижелі шешеді. Қызметтегі ресмилікті қаламайды. Жеке басының жауапкершілігіне байланысты шаруаларды қолға алуға келісуі қиын. Олардың өмірлері қайнаған қимыл-қозғалысқа құрылады. Керітартпалыққа кезіксе кірпіше жиырылады.

 

Туылған мерзімі "6" санына сәйкес келетіндерді Шолпан планетасы биік те үйлесімді болуына әсер етеді. "Алтылық" өміріңдегі ең маңызды мәселе -әдемілік пен үйлесімділік. Осыған орай олар музыка мен өнерді ерекше қастерлейді.Олар кикілжіңді ещқашан да жақтырмайды, сондықтан да біреуге айтар сын-ескертпелерінің өзін жеңілдетіп, майпаздап жеткізеді. Біреуге ақыл-кеңес беру, өздерінің жеке шаруаларына атүсті қарау - "алтылықтардың" басыбайлы қасиеттері.Олар айналасындағы адамдарға айрықша сеніммен қарайды.

 

"7" санына тәуелді адамдар жүйелі ой мен пәлсафаға жетелеу арқылы көбінесе жалғыздық пен оқшаулыққа  апарып соқтыратын Уран планетасының құзырында болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары және техникамен айналысу арқылы жетістіктерге жететін "жетіліктерден" ұлы тұлғаға айналатын эксцентрик-артист, философтар мен мәдениет қайраткерлері де шығады.

 

"8" санына қатысты адамдарды Марс планетасы өз қамқорлығына  алады. Соның арқасында "сегіздіктердің" өмірлері табысты, ақшалары көп болады. Соған қарамастан, олар ақшаның құлы және өзімшіл болудан аулақ. Адамдардың табиғатын, әлсіздіктері мен кемшіліктерін жақсы ажыратады. Қиын-қыстау жағдайлары мен сәтсіздіктерге ұшыраған кездерде қол ұшын беруге әзір.

 

Туылған мерзімі "9" санына байланысты болғандар Нептун планетасына тәуелді. Олардың басты қасиеттері - көңіл-күй жағдайын жиі алмастырып отыру. Өмірлері белгілі бір қалыпқа бағынбайды. Аса сезімтал, айналасындағы адамдардың көңіл күйлері мен жай-жапсарын аса дәлдікпен айқындап, аңғарады. Түр-түс және табиғатқа ерекше әсерленеді. 

 

Дайындаған: Жәлиева Айнұр 

3707 14
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 31 тамыз 2012, 15:36
Тегтер: планета, сандар, мінездеме
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 15:42

Уранның құзырында екенбіз

+0
31 тамыз 2012, 15:44

Марс дегенім

+0
31 тамыз 2012, 15:52

9екен

+0
31 тамыз 2012, 16:37

менде тоғыз екен, жалпы 9 санында жазылған сипаттамада нақтырақ келеди екен...

+0
31 тамыз 2012, 16:47

ия,солай.

+0
31 тамыз 2012, 16:48

шексіздіктің белгісі - 8 ;)

+0
31 тамыз 2012, 19:14

Меркуриос!

+0
31 тамыз 2012, 21:40

Мектепте осындай "есеп-қисаптың" бәрінде Сатурн болатынмын, көп нәрселері сәйкес келетін. Бағана бірнеше сағат бұрын есептегенде бір санға қателесіп кетіп АЙ боп шықтым - апам да аң-таң, мен де аң-таң. Жаңа есептеп, Сатурн екеніме нақ көзім жетті. Айтылғандар да толық сәйкес келеді, мен сондаймын деп мақтанып қойсам, иә? )))
жалпы мұндай болжамдарды көбінесе сәйкестік деп қарап мән бере бермейм, бірақ көп жағдайда сол сәйкестік таңдай қақтырып жатады...

+0
04 қыркүйек 2012, 16:19

иә, солай..солай сәйкестік келеді кейде..... ;)

+0
01 қыркүйек 2012, 08:48

мен неге екенін қайдам, 5 санын жақсы көруші едім бала кезімде. бес - жақсы баға, бес - отбасымдағы адамдар саны, бес - бес саусағың түгел дегендей...

+0
01 қыркүйек 2012, 15:04

Күн қорғайтындардан екенмін :roll:

+0
04 қыркүйек 2012, 16:18

екеуміз бірігіп қорғайтын болдық қой..) :lol:

+0
02 қыркүйек 2012, 01:00

Меркурий ;)

+0
03 қыркүйек 2012, 00:55

менікі 7 саны екен))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев