Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Шашыраңқы ойлар

Шашыраңқы ойлар

Шашыраңқы ойлар

Массагеттің орнығып алған тұрғындары келіспейтін шығар... Мейлі! Он.Кз ауылын сағындым. Сондағы жылылықты, жұп-жұмыр ортаны. Бәрінен бұрын мұңыммен бөлісе алатын шағымды. 

Уақыт өткен сайын адам өзгеріп, қимылдаған сайын тіршілігі де, тірлігі де арта береді екен... 

Жұмысым ақырындап жүрып жатыр. Астанаға ауысам деп барып, өзімді тоқтаттым. Астанаға баруға әлі ерте, тағы да көркейе түссін...

Есіктен кіргелі тұрған күздің салқыны Алматыны жауып тұр. Өзім тоңғақ ем, пальто киіп алатын түрім бар :). 

Сіңілім студент болды, енді екі студенттің "бастығы" боп жүрем:). Кеше дәптер-қаламдарын көріп, тағы да студент болғым кеп кетті. Бәрі де басқаша болар еді...

Мінезім қатал боп кеткен сияқты. Ұнатпағанымды бетіне айтатын болыппын. Тік мінезім де алға тартты. Сол дұрыс. Өзіме одан сайын ұнап барам :). 

Өмірімде көп нәрсені өзгерттім, қолымнан келді. 

Биылғы жаз ерекше есімде қалады. Көптеген таныстық, көптеген саяхат, көптеген құбылыстар. Және басты оқиға... 

Туған күнім жақындап келеді. Жасым ұлғайып барады деп ойлап көрмеппін. Бірақ, дәл сол күні көңілсіздік басады еңсемді, үнемі солай. Адам өмірге жылап келген күнде толыққанды қуана алмайтын шығармыз... Туған күнімді қалай тойласам деген ой мазалап жүр :).

Бір сыныптасым номерімді тауып, кеше қоңырау шалды. Кешірім сұрады тоқтамай. Себебін сол күйі түсінбедім. Өткен күндер үшін дейді... Құрбы боп бірге жүрмеген ек... Қызық...

Номер демекші... 3 аптаға жақындап қалды ғой дейм, бір жігіт танысайық деп мазамды алып жүр. Бірбеткей екен өзі, күніне 3 реттен қоңырау шалады. 3-4 күн бұрын ғана дұрыс сөйлесе бастадым :). Өзін көрмесем де, күнде мазамды алғанға үйреніп қалған екем. Кеше қоңырау шалмады. Алаңдап қалдым. Күлкілі... :) Ең күлкілісі, танысым әдейі ойнап жүрсе ше... 

Адамдарды қыңыр-қисық қалпымен жақсы көруді үйрендім. Бұрын ойдан шығарған талаптарым бар еді... 

Өмір тамаша...!

18
Рейтинг: +10

Жазылған уақыты: 31 тамыз 2012, 11:06
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 11:11

он.кз-те біз бала болып жиі ұрысатынбыз... хи-хи-хи. ырылдасып ырылдасып. себепсіз. соның арқасында ең жақын адамдардың бірі болып кеткен шығармыз.

+0
31 тамыз 2012, 11:13

Ия, әсіресе екеуміз :lol:

+0
31 тамыз 2012, 11:13

Онкз-те аз болдық, бәріміз бір-бірімізді танимыз, әңгімеміз ортақ болды, ал мына жақта күнде бірнеше адам тіркеледі, үйренісіп кетеміз әлі ) Биылғы жаз сенің жазың болған секілді :D

+0
31 тамыз 2012, 22:53

Менің жазым? :) Ия, есте қалды :geek:

+0
31 тамыз 2012, 11:49

Жан, прям сені сағынып кетті. Осындай алаңдаулы ойларыңды сағындым. Мазаңды кетірген адамдарға да бауыр басып қалатын қыздармыз ғой, позитивіңді жақсы көрем

+0
31 тамыз 2012, 22:49

Ботақаным сол, жұмысыңа әбден үйреніп ал, алаңдама. Әлі талай жалықтырам :mrgreen:

+0
31 тамыз 2012, 16:01

туған күніңе шақыруды ұмытып кетпесең болды )

+0
31 тамыз 2012, 22:50

Келмей қалсаң, осы сөзіңді бетіңе басам :lol:

+0
31 тамыз 2012, 17:49

он.кз мен де сағынам. Сол жерде Эльвираны туған күнімен құттықтап, блог жазып едім. БІр жыл өтіпті... Содан бері небір нәрселер өтті... Ностальжи:)) Ал сен шынымен өзгердің, Эльви!!

+0
31 тамыз 2012, 22:50

Ол кезде бәріміз басқа ек...

+0
31 тамыз 2012, 18:46

шіркін-ай, не деген пост десеңші, әсерлі екен! ;)

+0
31 тамыз 2012, 22:54

:geek: Мазақтап қалу керек, ә? :D

+0
01 қыркүйек 2012, 12:01

:) шынымды айтып ем...

+0
31 тамыз 2012, 21:50

Блоегердһлердің көбінен еститін әңгімем, он.кз сағындым, ол жақта бәрі басқаша еді дейтін әңгімені, сол аураны осында неге қалыптастырмасқа?
Мазалайтын адамдардың болып тұрғаны жақсы ғой. өзіңді бір адамға керек екеніңді сезінесің

+0
31 тамыз 2012, 22:51

Білмеймін неге мұндасондай аураны қалыптастырмай жүргенін. Анар, Мейіргүлдерге бұрайық стрелканы :mrgreen:

+0
01 қыркүйек 2012, 22:15

бір кездегі табиғи дәуренді жасанды жолмен қайтып әкелу мүмкін емес. әйтпесе, жиырма бесті де қайтарып алар едік қой ;)

+0
31 тамыз 2012, 23:12

Он.КЗ-жаным, Эля еске түсіргеніңе рахмет, әдемі кездерді!Сағындым бәрін!

+0
03 қыркүйек 2012, 15:24

Ех... :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.