Сізді жақсы көрем-бірақ бұл мендегі қателік!

Сізді жақсы көрем-бірақ бұл мендегі қателік!
жеке
блог

Сізді жақсы көрем-бұл бірақ мендегі қателік! Жақсы көру ол-сол адамға жүрегіңді ашу, сол жан үшін барыңды беруге дайын болуың,оны сыйлауың, мейлі ол тіпті сенің намысыңды аяқ асты етсе де сен оны сыйлап тұруың,оның жетістігіне қуануың,оның сәтсіздіктеріне мұңайып,сол жан үшін жаратқаннан дұға сұрауың,ол тіпті,адам аяғы баспайтын жаққа кетсе де,сен онымен бірге баруға дайын боласың,саған қатысы болмаса да,бір сол үшін оның бүкіл өмірінде кездесетін жандардың амандығын тілейсің,міне,бұл -жақсы көру деп аталады!Жай ғана жақсы көру емес,жаныңмен,жүрегіңмен жақсы көру.

Ол екеуі бір-бірін ұзақ уақыттан бері таныса да,бір-бірлері жайлы көп ақпараттарды білмейтін.Былтырғы жылдың қыс айынан бері жақынырақ танысуды жөн санады. Әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген Аяжан мен Арман Алматының көрікті мекендерінің бірі-Медеуде кездесетін болып келісті. Аяжанның жүрегі бұрынғы соғысынан ерекше,жиілетіп соққаны соншалық сағаттың сыбдырынан басып озардай.Кездесу уақыты жақындаған сайын қобалжу мен қолдарының дірілі кедергі жасауда. Киімдері мен әтірлері салынған жиһазды қайта-қайта ашып,әрқайсысын бір көріп, таңдай алмай ұзақ жүрді.Арман да кездесу уақытына үлгеруге асыққандай,жылдамдықты асыра көлігін жүргізіп келеді.Кездесу уақыты да өз мәресіне жетті. Аяжанның әдемі көздері айналаны нұрландырды. Арман ізеттілікпен амандасып,қызға сыйлығын ұсынды. Ұялып кеткен Аяжанның екі беті қызарып кетті,мұны түсінген Арман жайсыздықтан шығару үшін көлікке мінуді ұсынды.
Көлікте отырған екі жастың арасында  бастапқыда өте үлкен ауқымды әңгіме өрби қойған жоқ,үнсіздік орын алды.Уақыт жылжыған сайын, қызықты әңгімелер айтып,екеуінің де жүздеріне күлкі ұялады. Осылайша әсем мекен Медеуге де жетті. Бүгінгі күн екеуі үшін қызықты әңгімелесу күні ретінде есте қалды.
Осылайша арада күндер,айлар өтті.Аяжан Арманға ғашық болып қалғанын түсінді.Үнемі оған құрмет көрсетумен,өзінен оны жоғары қоюды әдетке айналдырды.Осылайша, Аяжан өзі жайлы ойлауды да ұмытып кеткен сияқты.Осы уақытқа дейін Арманға ұнау үшін,соның көңілін табу үшін, сол үшін ғана өмір сүріп келгендей. Күндер өте, айлар өте Аяжан өзінің бұл әрекетінен қатты жалықты себебі, оның қалаулары орындалмай барады,өзінің қалауын қанша орындағысы келгенімен де жүректегі махаббаты,  жо-жоқ тәуелді махаббаты  үнемі Арманды жоғары қоюға әрекет жасайтындай. 

    Міне, Аяжанның шыдамы шегіне жетті.Өзінің қалаулары, өзінің мақсаттары жайлы Арманға айта бастады.

-Арман, өтінемін біздің сезімдер екі жақты, мен сені жақсы көретінімді білесің,бірақ сенің көзіңнен ондай әрекет байқалмайды

-Қойшы жаным, қайта бастамашы

-Үнемі осылай,мен өз ойымды білдірсем сіз осылай қойшы деумен тоқтатып қоясыз бәрін.Мені не үшін ойламайсыз?Менің де жүрегім бар.Бар болатын болсақ бар болайық немесе бәрін бітірейік.Менің де уақытым жоқ,сізге барлығын арнап жүретін!-деп Аяжан бар даусымен айқайлап жіберді.

-Енді не нейсің маған?,-деген сөзді Арманнан шығатынын күтпеген Аяжан көліктен түсіп кетіп қалды. Арман да оны тоқтатқан жоқ. Қыздың жүрегі мұндай қаталдыққа шыдамады, көз жасына ерік берді. Арада бірнеше күндер өтті. Қыз да жігіт те бір-біріне хабарласпады.Осылайша бірін-бірі  танымайтын достарға айналды. Қыз жақсы көрсе де,ойласа да, онсыз өмір сүруге болмайды деп санаса да- өзін бақытты болуға лайықпын деп санады.Бақыт үшін-ашылған  жүрегін,қайта жапты.Жақсы көрген сезімдерді сөндірді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/29121/