Шоқан Уәлихановтың "Ыстықкөл күнделігінің" ерекшелігі неде?
жеке
блог

Шоқан Уәлихановтың "Ыстықкөл күнделігінің" ерекшелігі неде?

Шоқанның сиясы сіңген бұл туынды, тартысқа салса шаң қаптырмайтын, хан қызымен айырбастауға қимайтын теңдессіз еңбектердің бірі.

Бұл еңбектің алғашқы ерекшелігінің бірі - Шоқан 1856 жылы Ыстықкөл аймағына сапарға шығып, сол жерден көрген білгенінің барлығын қағаз бетіне түсірген. Ол өзі көрген дүниелерін қағаз бетіне түсіріп ғана қоймай, ауқымды түрде зерттеп жазған. Қай жерге барып тоқталса, сол жердің барлығын елеусіз қалдырмай, өзі басып өткен тау мен тас, үйінділер мен үгінділер, қорғандар мен егістіктер жайлы жазса да, түп тарихына үңілмей өтпеген.

   Екінші ерекшелігі,  үш ай бойы, дәлірек айтсам 18 сәуір мен 23 маусым аралығындағы өткізген әрбір күннің бірін де  қалдырмай, көркем тілмен ұштастыра қалам тербеген ғалым, сан түрлі картина, пейзажбен толықтырған. Өзі салған картиналармен ғана емес, белгілі суретшілердің туындыларынан да көрініс береді. Тіпті сол суреттердің қай уақытта, қандай бояу түрін қолданылғанына дейін түгел жазған. 

   Үшінші ерекшелігі, бұл еңбектен әдебиетке, салт-дәстүр, әдет- ғұрыпқа тікелей қатысты деректерді көреміз. Зерттеуші өзі көрген тұрғындардың тұрмыс тіршілігі, материалдық жағдайларын жазып, еңбекті этнографиялық материалдармен толықтырған. Бұдан Шоқан географиялық көз-қараспен ғана қалып қоймағанын білеміз. Бұл Шоқанның жан-жақтылығымен, аса ойшыл білімділігінің айқын дәлелі болып табылады.

   " Ыстықкөл күнделігі " Шоқанның сыршылдығымен аса білімгер екенін халыққа таныта білген бірден бір бағалы еңбектердің бірі. Шоқан аз ғана уақыт ішінде жазған бұл еңбегі, қаншама жыл өтседе өз оқырмандарын жоғалтпаған, керсінше құрылымы мен ерекшеліктері жас буынды өзіне ерітіп, баурап алады.

 

Мадина Қали

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті